Басты » Редакция таңдауы » Мектеп директоры болуға үміттенген ұстаздар қарапайым сұрақтан сүрінді

Мектеп директоры болуға үміттенген ұстаздар қарапайым сұрақтан сүрінді

Шымкентте 6 мектеп пен бір балабақшаның басшылық қызметі бүгінде бос тұр. Қазір конкурстық комиссия осы орындарға лайықты мамандарды іріктеуде. Директор болудан үміттенгендер аталған комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, олардың қойған түрлі сауалдарынан сүрініп қалды. Үміткерлердің арасында тіпті жақында жарияланған жолдауда мұғалімдер туралы не айтылғанын белмейтіндер де бар болып шықты.

Мейрамхан Қайранбеков қазір бос тұрған Шымкенттегі №1 кешкі мектебінің директорлық қызметіне келгісі келеді. Өзі бұған дейін аталған білім ордасында басшының орынбасары болып жұмыс жасаған. Конкурстық комиссияның алдына әңгімелесуге келген ол мұндағылардың тосыннан қойған сұрақтарынан мүдіріп қалды. Тіпті директор болудан үмітті азамат биылғы Елбасының жолдауының атауын былай деп тарқатып айтты.

Қайранбеков Мейрамхан

1 мектеп директорының оррынбасары

Төртінші революциялық жаңғыру шығар. Әлде қателестімба. Ал жолдауда ұстаздарға қатысты олардың беделін көтеру және ұстаздарға қазірге заманға сай қабылетін арттыруды тапсырды ғой.

Осылай деген ол 5-қазанда Президенттің халыққа жол тартқан жолдауда мұғалімдер туралы не айтылғанын білмейтін болып шықты. Бұл жайт конкурстық комиссия өкілдеріне де ұнаған жоқ.

Бахадыр Нарымбетов

Нұр Отан„ партиясы Шымкент қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары.

Бұл кісі жалындап тұрған адам емес. Менің ойым солай сіздер не айтасыздар. Осында комиссия болып отырғаннан кейін барын бар жоғын жоқ деп айтайық.

Қатира Қадырбаева

Конкурстық комиссияның мүшесі

Менің ұсынысым да солай Елбасының жолдауын әрбір адам білуі керек. Бұл кісі басшылық қызметке бара жатыр. Қай салаға басшы болып барса да адам деген бала үшін емес ең алдымен өзі үшін терең білімді болу керек.

Ал келесі үміткер Шымкенттегі №35 жалпы орта мектебінің басшылық лауазымына келуді қалайды. Бұған дейін орыс тілі пәнінен сабақ беріп, директор орынбасары болған Жайна Қарабаева комиссия өкілдерінің көңілінен шығу үшін өзі арнайы дайындап келген мектеп жұмысын жақсартатын бағдарламасын тәптіштеп түсіндіруге тырысты. Бірақ бұл әрекеті де комиссия өкілдеріне ұнамай қалды.

Бахадыр Нарымбетов

Нұр Отан„ партиясы Шымкент қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары

Сіз бізге нақты айтыңызшы болашақта қандай жұмыс жасайсыз. Не себептен біз сізді таңдау керекпіз. Ұлы ойшылдардың сөзін бізге айтпай-ақ қойыңыз. Біз оларды онсызда да білеміз.

Жайна Қарабаева

35 ЖОМ директордың орынбасары.

Мен алты жылдан бері мектепте жұмыс жасап келемін. Енді басшылық қызметке отырып көргім келеді. Мүмкін меннен жақсы жетекші шығар. Мен де қаланың білім саласын дамытуға үлес қоссам екен деймін.

Мектеп директорларын іріктейтіндерді тағы да келесі үміткердің мүмкін менен жақсы басшы шығар деген уәжі қанағаттандырмады. Олардың ойынша Елбасының жолдауын білмейтін және жаңартылған білім берудің мақсат міндеттерін түсінбейтін мамандар мектепті басқаруға лайықсыз. Сондықтан білім беру ісінің қыр-сырын жақсы білетін білікті маман келгенше Шымкенттегі кейбір мектептердің басшылық орны бос тұрмақ. Айта кетсек, қазір қаладағы 6 мектеп пен бір балабақшаны басқаратын азаматқа конкурс жарияланған. Ал олардың бұрынғы басшылары кейбірі зейнетке кетсе, тағы бірі өзге қызметке ауысуына байланысты олардың орны бос тұр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*