Басты » Редакция таңдауы » ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Соңғы жылдарда әлемде қыздар арасындағы футболға кең көлемде назар аударылуда. Мысал ретінде түрлі жастағы қыздар арасында әлем чемпионаттары, олимпиада ойындары сондай ақ түрлі халықаралық турнирлерді тілге тиесек болады. Сол қатарда біздің елдеде қыздар арасындағы футбол жылдан жылға дамып келеді. Айта кетсек, «БИІК Қазығұрт» командасы өткен жылы Еуропа чемпиондар лигасында өнер көрсеткен болатын. Жерлестеріміз Германияның «Франкфурт» командасымен қаламызда 2:2 есебінде тең түсіп елімізде қыздар футболының дамып келе жатқанын Еуропаға көрсеткен паш еткен еді. Осы жайттарға байланысты қалада да нәзік жандылар арасындағы футболға көп көңіл бөлінуде. 14 сәуір күні қаладағы №39 орта мектепте миллиондар ойынына дайындайтын қыздар сыныбы ашылды. Енді аталған мектептің 50 -ге тарта бұрымдысы футболдың қыр-сырын меңгеруде.

Толқын БАКИРХУЖАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*