Басты » Медицина » Пневмониядан сақтанайық!

Пневмониядан сақтанайық!

«Пневмониядан сақтанайық» Шымкенттегі №8 емханада осындай атаумен ашық есік күні өтті. Себебі 12 қараша дүниежүзілік пневмониямен күресетін күн. Сондықтан емдеу мекемесіне келгендер осы күні аты аталған аурумен ауыратындарды тегін тексеріп, тегін емдеуде. Шымкенттік дәрігерлер күрделі науқастарға шипа іздеуде Астана мен Алматы қалаларындағы әртіптестерімен телемост арқылы ақыл-кеңес сұрап отырады. Айта кетсек қазір Шымкент қаласы бойынша балалар ауруханасында пульманология бөлімінде 96 адамға арналған орын бар. Емдеу мекемесіндегілер 2 айдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға дайын. 12 қараша күні күндізгі сағат оннан он екіге дейін мұндағылар пневмонияға байланысты тегін кеңестер бермек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*