Басты » Мәдениет » Ерке Есмахан қайырымдылық көрсетті

Ерке Есмахан қайырымдылық көрсетті

Танымал әнші Ерке Есмахан балалар үйінің тәрбиеленушілерін киноға шақырып, қайырымдылық көрсетті. Кино «Махаббат кафесі» деп аталады. Естеріңізге салайық, бұл әншінің алғашқы продюссердік жұмысы. Ерке таяуда ғана премьерасы болған өзінің кино жанрындағы алғашқы туындысын ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін көрсетіп, оларды қуантуды жөн санаған. Әншінің шығармашылығына ғашық балалар тек киносына ғана емес жеке концертіне де қатысуды қалайтындарын жасырмады. Комедиялық жанрда түсірілген фильм балалардың көңіл-күйін көтерді. Олар кинотеатрға шақырған танымал әнші Ерке Есмаханға өз алғыстарын жаудырды.

Александра Пустоветова

№4 балалар үйінің тәрбиеленушісі

“Ерке Есмахан, бізге «Махаббат кафесі» фильмі қатты ұнады. Бізді киноға шақырғаныңызға көп рахмет. Сізге шығармашылық табыс, сәттілік тілейміз.”

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*