Басты » Редакция таңдауы » Төтеншеліктер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Төтеншеліктер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласында қыс басталмай жатып 4 азамат пеш түтініне уланып қайтыс болған. Жылынамыз деп көз жұмғандар арасында кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Құтқарушылар мұны көбіне тұрғындардың немқұрайлығынан деп отыр. Яғни, есік аузындағы пешке жүрдім-бардым қарау салдары осындай келеңсіз жайтқа соқтырған. Осыған орай төтеншеліктер Әл-Фараби ауданына қарасты забадам елді мекенінде тұрғындарға үгіт насихат жұмыстарын жүргізді

Жылыту маусымында газдан улану оқиғалары орын алатыны ақиқат. Келеңсіз жағдайлардың алдын алуға асыққан төтеншеліктер, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Биыл қыс басталмай жатып, Шымкентте газдан уланғандардың жалпы саны 11 ге жеткен. Мамандардың айтуынша көп жағдайда көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді дұрыс пайдаланбаудан туындауда.

НҰРДӘУЛЕТ ЕРҒАЛИ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘЛ ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ

Қазіргі таңда бірлескен рейдтік жұмыстар жүргізілуде.Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты-жылулық маусымының түсуіне орай біздегі тұрғындардың көбісі баспаналарын көмірмен газбен жылытады. Сол иісті газдың салдарынан қала аумағында 11 келеңсіз оқиға орын алды.

Әл Фараби ауданына қарасты Забадам елдімекенінде халықпен кездесуде, полиция да ҚазТрансГазАймақ акционерлік қоғамының қызметкерлері де келді. Үгіт насихат барысында тұрғындарға ескертпе қағаздары таратылып, көшелерге плакаттар ілінді. Сонымен қатар сала мамандары дыбыс зорайтқыш арқылы көшелерді аралап қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

БАУЫРЖАН БАЙТУРЕЕВ

КАЗТРАНСАЙМАҚ АҚ -НЫҢ БАС МАМАНЫ

Біз газдық құрылғыларды қалай қолдау керектігін халыққа түсіндірудеміз.Өрт, сондай-ақ газдан улану салдары болмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз. Қазіргі таңда өңірде газдан улану жағдайлары көптеп орын алып жатыр. Алдағы уақытта біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Елді мекен тұрғындары өткізіліп жатқан шараның өте орынды екенін айтуда. Бірақ жылыту құрылғыларын жекелеп жіті тексерілсе дейді.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*