Басты » Редакция таңдауы » Антқа адал бол, жас сарбаз!

Антқа адал бол, жас сарбаз!

whatsapp-image-2018-11-20-at-11-20-31

 

Антқа адал, сертке берік болу сарбаздардың басты міндеті. Шымкенттегі 35748 әскери бөлімінде еліміздің бірнеше аймағынан шақырылған 120-ға жуық сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады. Алаңда сап түзеген сарбаздар бір айдың ішінде сәлемдесуден бастап, әскери қызметтің қыр – сырын меңгеріп алған. Саптық жүріс пен әскери пәрмендерді бұлжытпай орындаған жас жауынгерлер әскердегі темірдей тәртіпке дайын екендіктерін көрсетіп, отан алдындағы борыштарын адал атқаруға серт берді. Салтанатты шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі басқарма орынбасары Айбек Жүсіпов, әскери қызметтің ардагерлері мен сарбаздардың туған –туыстары қатысты.

whatsapp-image-2018-11-20-at-11-20-30

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Айбек Жүсіпов жас сарбаздарға жауынгерлік тапсырмаларды мүдірмей орындап, әскери тәртіпке бағынып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді. Жаңа буынды әскер қатарына қосылу сәтімен құттықтады.

whatsapp-image-2018-11-20-at-11-20-21

* Әскери ант дегеніміз – ер азаматтың Отан алдында оны қорғап, сақтауға сөз беру, үлкен жауапкершілік алу. Менің ойымша әрбір азамат осындай жауапкершілікті сезініп, өмірінің бір жылын әскерге арнағаны дұрыс. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, –деді полковник Айбек Жүсіпов.

Шараға қатысқан әскери саланың ардагерлері де Отан алдындағы борышын өтеуге келген жас сарбаздарға бұл олардың өміріндегі ең жауапты сәт екендігін айтып, әскери тапсырмалар мен сынақтардан сүрінбей өтіп, отбасыларына абыроймен оралуға сенім білдірді.

whatsapp-image-2018-11-20-at-11-20-26

Ант қабылдау рәсімі әскери бөлімнің әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған қауым сарбаздардың өнерін тамашалады. Әсіресе қару-жарақпен жекпе-жекке шыққан жауынгерлердің қойылымы жұртшылықты тәнті етті

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*