Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жас термешілер байқауы ұйымдастырылды

Шымкентте жас термешілер байқауы ұйымдастырылды

Шымкентте алғаш рет Отанды сүю иманнан атты жас термешілер байқауы өтті. Текті сөздің төресі болған жыр додасында қалалық оқу орындарынан іріктеліп алынған 11 қатысушы бақтарын сынады. Төл өнерімізді насихаттауға арналған термшілер сайысының өтуіне Шымкент медресе колледжі мұрындық болған.

Кешегі дана бабалардың асыл мұраларын жастардың жүрегіне жеткізу үшін бүгінгі байқау қатысушылары текті сөздің төресін осылайша дәріптеді. Жіпке тізген моншақтай сөз маржанын терген термешілер әндерін әуелете шырқап, құлақ құрышын қандырды. Көңіл пернесін де дөп басты. Өмірдің қамшының сабындай қысқа ғана екендігін жырлай отырып, бәрінен де имандылық пен адамдықтың қымбат дүние екендігін көрермен көңіліне жеткізе білді.

СӘКЕН ТӨРЕТАЕВ

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Мен бүгін Өмір теңіз біз балық атты жаңа термені көпшілік назарына ұсынбайқпын. Терме сөзінің өзі өте ауқымды. Онда түрлі адамға ой салар ақыл кеңестер, рухты қағидаттар айтылмақ. Терме түрлі тақырыптарда болуы мүмкін алайда барлығының мақсаты бір. Адамдарды адамшылдыққа, сыйластыққа, имандылыққа бағыттайды.

Терме қазақтың дәстүрлі төл өнері. Сөздің төресі, естір құлаққа ғибраты мол нақылға толы. Киелі төл өнерімізді ұлықтауға келген қатысушылар бір бірлеп өз өнерлерін ортаға салды. Оларға қойылған талаптарда ерекше болды. Қазылар қатысушылардың шеберлігін, сондай-ақ сахна мәдениетін, тіл тазалығына баса мән берді.

ТАЛҒАТ ӘСЕМБАЙ

ҰЙМДАСТЫРУШЫ

Қай жылдары қоғамда мешіттердегі имам тек мешітте отырады деген кереғар пікір қалыптасқан болатын.Алайда өкінішке орай ол пікір әлі де адамдар арасында айтылып жүр жасыратыны жоқ.Алайда біздің Шымкент медресесі елміздегі 9 үздік оқу орындары қатарында. Біз жас буындарды отан сүйгіштікке ,адалдыққа имандылыққа үйретеміз. Бүгінгі шараның да мақсаты сол қазақ салт дәстүрін әрмен қарай дамытсақ насихаттасақ деген асыл армандар аясында болмақ.

Асыл дінімізді насихаттаудың, ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, адал ман харамды ажыратудың құралы болған терме жазу шығармашылығы кейінгі кезде тоқырап қалғандай. Алайда әр сөзі өмірдің ойындай көздеген нысанаға дөп тиіп, көңіл көзін ашып, шөліркеген рухқа зәмзәм суындай шипа болатын заманға лайық жаңа терме бүгінде қайта жаңғыруда. Айта кету керек аталмыш кеште жүлделі орындарға ие болған үздік жаңа термелер орындалып, жүлдегерлер марапатталмақ.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*