Басты » Редакция таңдауы » Қала тұрғындары медициналық тексеруден тегін өтіп, дәрігерлерден кеңес алды

Қала тұрғындары медициналық тексеруден тегін өтіп, дәрігерлерден кеңес алды

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ойын сауық орталығында акция өткізді. Аталмыш шара аясында ақ халаттылар алғашқы медициналық көмек көрсету мен қатар жәдел көрсетілетін қызмет түрлерін насихаттады.

Салауатты өмір салты-бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салты қалыптастыру. Осы орайда аталмыш шараның берері мол дейді мамандар. Акцияның мақсаты – жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ойын сауық орталығына келушілердің қоғамның дағдыларын қалыптастыру болып табылмақ.

ҒАЛЫМЖАН ӘБІШОВ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұнда қала тұрғындарымен қонақтарын ынталандыру мен қатар медициналық көмекті насихаттау мақсатында акция өтіп жатыр. Біз бұл шарамен шектеліп қалмаймыз.Мұнда сонымен қатар егер тексеріс барысында денсаулығында қандайда бір ахуал анықталған жағдайда учаскелік дәрігерге жолдама беріледі.

Шара кезінде ақ халаттылар жүзден аса тұрғынның ағзасындағы глюкоза мөлшерін анықтап, қажетті көмектер көрсетті. Келушілер жергілікті емханаға қарағанда мұндағы тексерістің өздерінің көңілдерінен толыққанды шыққандығын айтады. Сонымен қатар денсаулық басты байлық екендігін ескере келе мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылып отырса дейді.

АҚЕРКЕ ӘУЕЛБЕКОВА

Өзіміз интернет желісін көп ашамыз ғой. Осында акция болып жатыр деген соң нәрестімнің денсаулығын тексерістен өткізіп алуға келдім. Мұнда жақсы қарсы алып кеңестерін айтып жатыр, маған ұнады. Жергілікті емханаға да барып тұрамызғой,алайда мұнда көптеген мәліметтер алуға болады екен.

Әр бір азамат терапевт, эндокринолог, кардиолог, педиатр офтальмолог мамандарынан тегін медициналық көңес алды. Сонымен қатар жүрек өкпе реанимациясын дұрыс жүргізуге үйретіп, зардап шегушілерге қандай көмек көрсету керектігі іс жүзінде көрсетілді.

КҮЛЗИНАТ ПАРЫМБЕТОВА

8 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ПЕДИАТР ДӘРІГЕРІ

Біз салауатты өмір салты акциясына қатысып отырмыз. Мен өзім педиатр дәрігер болғандықтан қазіргі таңда қыс мезгілі болғандықтан кішкентай балаларда нәрестелерде тұмау суық тию деген сияқты аурулар жиілейді. Сол себепті сол аурулардың алдын алу мақсатында өзіміздің ақыл кеңестерімізді бермекпіз.

Акция соңында қала тұрғындарына концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жайына байланысты сұрақ жауаптармен қатар ойындық шаралар өткізілді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*