Басты » Мәдениет » Қазіргі қала жастарының көбі атқа міну мәдениетінен алшақтап барады

Қазіргі қала жастарының көбі атқа міну мәдениетінен алшақтап барады

Бұл өз кезегінде болашақ ұрпақтың ұлттық үрдіс пен бұрынғы дәстүрден қол үзіп бара жатқанын білдіреді. Ат үстінде жүріп ел қорғаған жауынгер бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы осылай кете берсе рухани құндылықтарымыздан айрылып қалуымыз мүмкін. Елбасының „Ұлы даланың жеті қыры„ атты мақаласын өзара талқылаған Шымкенттік мектеп оқушылар осындай ойларын ортаға салды.

Ұлы даланың жеті қыры„ атты мақаласында мемлекет басшысы атқа міну мәдениеті туралы сөз қозғаған болатын. Н. Назарбаев атқа отыру заман талабына әр дәуірде өзгеше өзгерістерге ие болып, дамудың нәтижесінде салт атты әскерлердің пайда болғанын айта келе жылқыны алғаш қолға үйретіп, тарихи аренада басты шабуыл құралына айналдырған да осы орта азия халықтары екенін атап өтті. Қазір қоғамда қолдау тапқан осы мақаланы шымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары да өзара талқыға салды.

Диас Өмірбек

Мектеп оқушысы

Бүгінгі қалада тұратын жастар атқа мінудің не екенін білмейді және олардың арасында атқа міну мәдениеті қалыптаспаған. Яғни бұл өзіміздің ұлттық үрдісімізден ажырап бара жатқанымыздың дәлелі. Ал біздің ұлттық үрдісімізден және ата дәстүрімізден алшақтауымыз рухани төмендеуімізге алып келеді. Елбасымыз атқа міну мәдениеті заман талабына әр дәуірде өзгеше өзгерістерге ие болып, дамуының нәтижесінде салт атты әскерлер пайда болғанын атап өтті. Мысал ретінде халықтар аттың үстінде мығым отыру үшін ертоқымды ойлап тапты. Сол үшін де атқа отыру технологиясы әрқашан жаңғырып отырды.

Мемлекет басшысының мақаласында „Архив 2025„ бағдарламасы туралы да айтылып еді. Осы бағдарлама бойынша енді еліміздің ғалымдары шетелдегі архивтерге аттанып, құнды тарихи құжаттарды елге әкелмек. Мақалаға қатысты ойларын ортаға салған оқушылар латын әліпбиі арқылы хатқа түсетін қазақстан тарихымен бұдан былай әлем елдері де таныса алады.

Аяжан Ергеш

Мектеп оқушысы

Өз мақаласында айтып өткен „Архив-2025„ бағдарламасы бойынша алдағы уақытта біздің бір топ ғалымдарымыз шетелдерге аттанып, ондағы қазақстанға қатысты құнды мәліметтер мен құжаттарды жинақтай бастайды. Оларды өңдеп латын қаріпінде жазса тек қазақстандықтарға емес әлем елдеріне де біздің тарих қол жетімді болады.

Жанеля Дүйсенхан

Мектеп оқушысы

Бәріміз білетіндей қазақстан металургияның негізгі орталығы болып табылады. Әсіресе еліміздің солтүстігі мен шығысында көптеген табиғи қазбалар кездеседі. Ежелгі уақытта қолданылған донна пештері қазақстанда бұрыннан қазба жұмыстары жүргенін көрсетеді. Елбасымыздың өзі еңбек жолын осы металургия саласынан бастаған. Сондықтан алдағы уақытта осы салаға қатты көңіл бөлінбекші.

Осындай өзекеті мәселелерді қамтитын мақаланы алдымен мектеп ұстаздары талқылапты.

Қатира Қадырбаева

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының директоры

Елбасы мақаласы шыққалы бері біз алғаш болып ұжымда талқыладық. Содан кейін оқушыларымыз мақаланы талқылауда. Себебі келешек жастардың қолында. Біз тарихты білеміз. Бүгінгі жастар өздері де ертең тарихқта жақсы істерімен қалуы керек. Сол үшін олар да тарихты жан-жақты біліуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін жарияланған „Болашаққа бағдар рухани жаңғыру„ атты мақаласында әрбір қазақстандық тіпті мектеп қабырғасында оқып жатқан шәкірттер ең болмаса 100 кітап оқуы керек екендігі айтылған. Міне сондықтан №65 мектепте оқушылардың санасын түлетіп, нағыз рухани азық сыйлау мақсатында 100 кітап тізімі жасалды. Оған қазақ және шетел әдебиетінің мазмұны кесек әдеби кітаптары енген.

Марфуа Күнтаева.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бұл әрине нағыз шөлде келе жатып, бір жұтым суға аңсарың ауып тұратын күйдегі балаларға беріліп жатқан дүние деп білімен. Сондықтан да бұның берері де көп. Бұл жерде тұтастай балалардың бәрін оқырман ету емес сол 100 баланың ішінде 10 немесе жиырма баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырсақ соның өзі жетістік.

Қазіргі қоғам күн сайын түрленіп, көз іліспес жылдамдықпен дамып, инновациялық технологиялар адамның қызметін жеңілдетіп жатқанымен жұмыр басты пенденің жанына ең керегі рухани азық. Мұндай құндылықтар әдеби кітаптарда жатыр дейді ұстаздар. Сондықтан мектеп қабырғасында айына бір рет оқу күні деп жарияланып, осы күні мұғалімдерден бастап, техникалық қызметкерлерге дейін тіпті ата-аналар да 100 кітап тізіміне енген оқулықтарды оқитын көрінеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*