Басты » Білім » Өнердің алғашқы әліппесін үйрететін мектеп

Өнердің алғашқы әліппесін үйрететін мектеп

 

Шымкенттегі №3 балалар эстетикалық саз мектебі талантты балаларды оқуға қабылдауды жалғастыруда. Білім ордасында дәстүрлі ән айту мен вокал және қазақ пен орыс ұлттық аспаптарын үйренемін дегендерге барлық жағдайды жасап отыр. Оқу ақысы тым қымбат емес, қалтаға қонымды. Саз мектебі жеткіншектерді 5 және 6 жастан бастап қабылдап, қазақ ұлттық аспаптарын бес жыл, ал фортепиано мен скрипкада ойнауды 7 жыл бойы оқытады.

Шымкенттегі №3 балалар эстетикалық саз мектебінде бүгінде 900-ге жуық бала білім алуда. Музыка мен ән айту және би өнеріне биім оқушылар мектепке 5 және 6 жастан бастап қабылданады. Осындағы өнер саласының майталмандары алдымен жастардың бойындағы талантын тексеріп, содан кейін барып олардың бойындағы өнерін ұштайды.

Бахытгүл Рыспанбетова

3 балалар эстетикалық саз мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы

Балалардың мақсаттарын айқындау үшін оларға бірінші музыкалық аспаптарды көрсетіп таныстырып шығамыз. Балалар өздері теледидардан немесе сахнадан көрген аспаптарын іздеп келеді осы жерге. Тіпті кейде балалар аспаптың атын білмесе де осындай бір аспап бар еді дегенде біз бәрін көрсетеміз арасынан өздері таңдап сол бойынша мектебімізде оқиды.

Саз мектебінде оқушылар ән айтудан бастап, би билеу және түрлі ұлттық аспаптарда ойнау сынды өнердің 15 бағыты бойынша білім алады. Мәселен Қобыз, домбыра мен жетігенде шебер ойнауды балалар бес жылда меңгерсе, портапиано мен скрипка сынды сәл күрделілеу аспаптарды үйренуге жеті жылын жұмсайды екен.

Бахытгүл Рыспанбетова

3 балалар эстетикалық саз мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы

Аспаппен қоса балалар нота үйрену сальфеджо және ырғақты үйренетін пәндер оқытылады. Сонымен бірге 2 сыныптан бастап саз әдебиеті мен саз әлем әдебиеті пәндері бар. Сонымен бірге балалардың осы жерден не үйреніп, қандай аспаптарды меңгеріп жүргенін байқауларда аңғарылады. Осы жергілікті байқаулардан топ жарғандарды біз Алматы және Астана қаласында өтетін сайыстарға жібереміз.

Республикалық ән байқауларында жүлде алған жастарды саз колледждері мен өнер мамандықтары бар жоғары оқу орындары жеңілдікпен қабылдайды екен. Ал №3 балалар эстетикалық саз мектебіне балалар мектептегі сабағынан тыс кезде келіп-кетеді. Осындай өнерлі жастың бірі Аяна Өстемір.

Бес жыл ішінде саз мектебінде дәстүрлі ән айту мен бірнеше күйлерді орындауды үйренген ол алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, музыкалық білімін жетілдірмекші.

Аяна Өстемір

3 балалар саз мектебінің оқушысы.

Менің алғашында домбыраға қатты қызығушылығым болған жоқ. Уақыт өте келе көптеген күйлер үйрену арқылы және теледидердағы музыка мен оркестрден үйренгендерімнің арқасында өте қатты қызыға бастадым. Болашақта көптеген дәстүрлі әндерді үйреніп, өзім білмейтін күрделі күйлерді меңгеріп үлкен жетістікке жетсем деймін.

Өнер өлкесіне қадам басқандардың қабілетін шыңдайтын саз мектебінде балаларға би қимылдары да үйретіледі. Түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды меңгеріп, болашақта үлкен сахналарда ән шырқап, биіктерден көрінемін дегендерге мұндағы мамандар жалықпай үйретуге әзір.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*