Басты » Редакция таңдауы » IQanat бағдарламасы, ауыл балаларына арналған зор мүмкіндік

IQanat бағдарламасы, ауыл балаларына арналған зор мүмкіндік

Ауыл балаларына зор мүмкіндік! Енді олар IQanat бағдарламасы арқылы еліміз бен шет елдердегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында оқи алатын болады. IQanat жобасы бойынша өткізіліп жатқан олимпиаданы қаржылай қолдаушы Shymkent Plaza сауда орталығы. Ауыл жастарының білімге деген құштарлығын ояту мақсатында өткізіліп жатқан ерекше жоба жайлы алдағы бейнематериалда толығырақ.

Ауыл оқушыларын әлемнің үздік оқу орындарында оқуына мүмкіндік беретін ерекше олимпиада концерттік бағдарламамен басталды. Өнерлі оқушылар сахнада ән салса, білімді өрендер робототехника өнерін келушілерге паш етті. Олар өз қолдарынан шыққан робот машиналары, ақылды үй жобасы мен, жастар аллеясын таныстырып, өз жобалары туралы үлкен шабытпен әңгімеледі. 201901 00.19-00.56

Ернар Ясын

оқушы

Менің роботым қоқыс жинайтын робот. Біз оны EV программмасы арқылы қозғалта аламыз. Мұнда үлкен матор мен орташа матор бар. Олар жүруге және затты көтеруге керек. Және машинада арнайы тетік бер. Я,ни ол бір кедергіге кез болса артқа қарай жүреді.

Екі бірдей ауданның 9-сынып оқушыларын қамтыған бүгінгі олимпиада Shymkent Plaza сауда орталығының қаржылай қолдауымен өткізіліп отыр. Мақсат – ауыл жастарының еліміз бен шет елдердегі бірегей оқу орындарында оқуына мүмкіндік беру. Алда Түркістан облысының өзге де аудандарын қаржылай қолдау жоспарымызда бар дейді « Shymkent Plaza» жобасының бас директоры»

Марат Қалдыбаев

«Shymkent Plaza» жобасының бас директоры

Біз барлық жастарға қатысты жобалардың бәріне қатысуға тырысамыз. Өйткені жастар біздің болашағымыз. Олимпаданың басты мәні ауыл оқушыларын қолдау. Бүгінде статистика бойынша ауыл оқушыларының 1 ғана пайызы мемлекеттік университеттердің гранттарына ие болады екен. Ал 2 пайыздан сәл астамы ғана Болашақ бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігіне ие. Сондықтан да біз, Қазақстан кәсіпкерлері, олардың армандарын орындау мақсатында тағы бір мүмкіндік берейік деп шештік.

Балаларының биік белестерді бағындырарына аналар да сенімді. Олар ең алдымен ауыл жастарына беріліп отырған зор мүмкіндікке разы. Оқушылардың мұндай ашық әрі әділ жобаларға қатысу арқылы ертеңге деген сенімі беки түсері сөзсіз дейді балаларын қолдауға келген ата-аналар.

Динара Тұңғышбаева

ата-ана

Ұлым Мусалим Қанат осы Iqanat онлайн олимпиадасына дайындық барысында өзін өзі шыңдады, және білімге деген қызығушылығы артты. Олимпиаданың бізге, ата-аналарға ыңғайлы тұсы ақысыз болғандығында. Әрине, олимпиаданың жүлдедері де өте жақсы. Көңілге қонымды және қуантарлық. Балаларымыздың алдағы екі жылда ҰБТ-ға дайындықтары ақсарады. Және менің айта кететінім, осы олимпиаданы ұйымдастырып отырған Shymkent Plaza басшылығына үлкен алғысымды білдіремін.

Жоба жастардың білімге деген құштарлығын арттырады. Бұл ретте Shymkent Plaza бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі асында еліміздің дамуы мен жастардың білім алуына мүмкіндік беретін жобаларды қолдауға әзір. Биылғы жылы Түркістан облысы бойынша 5 мыңға жуық оқушы IQanat олимпиадасында бақ сынауға өтініш білдірген. Солардың бірі Арайлым Тұрдықұл. Ол өз кезегінде дәл осындай ашық әрі әділ өтетін олимпиадада өз мүмкіндігін сынап көруге дайын екенін айтты.

Арайлым Тұрдықұл

олимпиадаға қатысушы

Мен IQanat жобасына өз бағымды сынауға келіп отырмын. Және осы жобаны қолдаймын. Себебі біз секілді ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік болғалы тұр. Және бұл бағытта білімімді одан әрі шығдап, грант ұтып алып, шет елге оқуға түскім келеді. Осындай мүмкіндіктерді жасап отырған ұйымдастырушыларға рахмет. Олимпиадаға ағылшын тілінен қатысып отырмын.

IQanat Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру жүйесін қолдау жобасы. Қайырымдылық жобасына қатысқан 9 сынып оқушылары олимпиададан іріктеліп тағы 2 жыл бойы жоғарғы оқу орнына түсу үшін дайындықта болады. Білімділер сайысы кезең-кезеңімен әр ауданда өткізіліп, іріктеу олимпиадасы мамыр айында болады. Жүзден жүйрік шыққандар шілде айында Назарбаев Университетінде өтетін Республикалық олимпиадасында өз бақтарын сынамақ. Айта кету керек, IQanat олимпиадасының 2017 жылғы үздіктері бүгінде Қытай, Литва мен Польша сынды мемлекетерінің беделді жоғары оқу орындарында оқып жатыр.

Нұрзина Төрехан

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*