Басты » Білім » Сайрам ауданында 7 мектептің құрылысы аяқталады

Сайрам ауданында 7 мектептің құрылысы аяқталады

 

Сайрам ауданында 2019 жылы 2500 балаға арналған 7 мектептің құрылысы аяқталады. Қазір осы нысандарда құрылыс қызу жүріп жатыр. Сонымен бірге өңірде қазір 3 балабақша мен „Нұрлы жер„ бағдарламасы аясында бірнеше ауылға инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде.

Сайрам ауданының билігі биыл 8 мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлаған болатын. Бірақ қазір 7 нысанда жұмыс жанданды. Оның төртеуіне республикалық қазынадан қаржы қаралыпты. Яғни аудан орталығы мен Ақсу ауылындағы 300 орындық екі мектеп пен Қарабұлақ және Көлкент ауылдық округтерінде 600 орындық екі мектепке үкіметтен ақша аударылмақ. Сонымен бірге құрылысына жергілікті бюджеттен ақша бөлінетін тағы 200 орындық үш білім ұясы үш аусымды білім беруге көшкелі тұрған мектептердің жанынан салынып жатыр.

Жұмабек Ғабит

Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

Қазіргі таңда құрылыс жүргізіп жатқан мердігер мекемелерге құрылыс материалдарын отандық өнімдерден алуға қатаң талап қойылуда. Яғни 90-95 пайыз материалдарды жергідікті өнімдер болуын талап етеміз. Сонымен бірге жұмыспен қамту бағдарламысымен мердігер мекемеге 60 пайыз жұмысшыларды жергілікті тұрғындардан алуды біз келісім-шартта көрсетіп, талап қойып отырмыз. Қазір жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың 70 пайызы жергілікті халық.

60 жылдан аса ғұмырын құрылыс саласына арнап келе жатқан Рүстембек Машаев қазір 80 жасқа келсе де жеке серіктестіктермен келісім шарқа отырып, жұмысын жасауда. Кеңес үкіметіне еңбек сіңірген құрылысшы атағын алған ол осыдан 40 жыл бұрын Ақсу ауылындағы №97 мектептің ескі ғимаратын тұрғызғанда прораб болып жұмыс жасапты. Тәжірибелі маман тозығы жеткен тар ғимараттың орнына бүгінде жаңасын салуда.

Рүстембек Машаев

Бұл мектеп 15 орынға арнап салынған. Бірақ екі және үш аусымда оқитын балалар. Кейіннен балабақша болды. Кезінде бұл біздің ауданда ең мықты мектеп болған. Осы мектептің құрылысы басталғанда мен прораб болып, құрылысын өзім салуға ат салысқам. Кеңестік кехдегі бастықтарым маған осы мектепті саласын деп жіберді. Салдым. Енді өзім салған мектепті өзім бұзып жаңасын тұрғызудамын. Міне осындай бір тағдыр болып қалды.

Құрылысы жылдам жүріп жатқан 7 мектеп 2019 жылдың мамырында халыққа беріледі. Осылайша алдағы жылдың қыркүйегінде Сайрам ауданында 25000 жуық бала алғашқы қоңырауда су жаңа мектепте қарсы алады.

Жұмабек Ғабит

Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

Үнемі ауданның өсіміне қарай білім бөлімі мен ауыл әкімдіктерімен бірлдесіп, жаңадан салынатын мектептерді анықтадық. Осы бойынша 2019-2020 жылға қарай 7 нысанның құрылысы бастауды жоспарлап отырмыз. Осы нысандар қазір мемлекеттік сарапатамадан өтуде. Атап айтсақ, № 102 мектеп пен Қарамұрт ауылындағы гагаринг атындағы мектепке 300 орындық ғимарат салу, манкент ауылында Рашидов мектебінің 300 орындық ғимарат пен спорт зал салуды жоспарлаудамыз.

Аудандық құрылыс бөліміндегілер 7 мектептен бөлек жыл соңына дейін 3 балабақша пайдалануға беріледі дейді. Мектепке дейінгі мекемелердің біреуі жекеменшік және мемлекеттік әріптестік негізінде тұрғызылыпты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы билік, биылдан „Нұрлы жер„ бағдарламасымен тұрғын үй орналасқан жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын мықтап қолға алғандай. Үстіміздегі жылы бір шағын ауданға жол төсеп, тіршілік тартып, газ бен электр жарығын жеткізген атқамінерлер келесі жылы бірнеше ауылды дәл осылай гүлдендіреміз деп отыр.

Жұмабек Ғабит

Сайрам аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі

Келесі жылға біздер инфрақұрылым жобасы бойынша 7 нысанды дайындап жатырмыз. Қарасу ауылында 200 гектар жер,Ақсукент ауылында 80 гектар жер, Сонымен біроге Колкент ауылында 70 гектар жерге инфрақұрылым жүйелері жүргізілмек. Қазіргі таңда осы нысандардың жобалары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға сараптамаға жіберілді.

Нұрлы жер„ бағдарламасымен халыққа қолжетімді баспана салуға биліктегілер келесі жылдан бастап білек түріп кіріспекші екен. Яғни 2019 жылы Сайрам ауданының Қарамұрт пен Қарасу ауылдарында 300 жанұяға арналған көпқабатты 5 үйдің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*