Басты » Білім » Шымкенттік мұғалім Алина Саловьева „Қазақстанның Еңбек ері„ атағын алды

Шымкенттік мұғалім Алина Саловьева „Қазақстанның Еңбек ері„ атағын алды

 

Елбасының қолынан жоғары дәрежелі „Қазақстанның Еңбек ері„ атағын алған Шымкенттік мұғалім Алина Саловьеваны қала тұрғындары әуежайдан ерекше құрмет-қошеметпен қарсы алды. Шымкенттегі №1 мектепте биология пәнінен сабақ беретін ұстазды Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен қатар, әріптестері мен оқушылар күтіп алып, алған марапатымен құттықтап жатты.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақордада ел Президентінің қолынан жоғары дәрежелі „қазақстанның еңбек ері„ атағын алған шымкенттік мұғалім Алина Саловьеваны кешкісін әуежайдан күтіп алуға жүздеген адам жиналды. Қолдарына гүл шоқтарымен бірге түрлі ұрандар жазылған плакаттарды ұстаған ұстаздар мен оқушылар еңбегі еленген мұғалімге арнап жалынды сөздерін жаттап дайындалды. Көпшілік күткен Алина Робертовнаны шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та көппен бірге қарсы алып, әуежайдан бірге шығып келді.

Шымкенттегі Пушкин атындағы №1 мектептте ұзақ жылдан бері биология пәнінен сабақ беріп, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жоғары атақ алған Алина Соловьеваны өз әріптестері мен оқушылары бірден гүлмен көмкеріп тастады. Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында жұмыс жасап жүріп, 35- ке тарта ғылыми еңбектер жазып, өзі баулыған оқушылары түрлі білім сайыстарында 130 жуық жүлде алған ұстаз өмірінде мұндай марапатқа ие боламын деп ойламаса керек.

Алина Соловьева

мұғалім

Ел Президенті маған жасаған құрметін еліміздегі бүкіл ұстаздарға жасалған сыйлық деп білемін. Сонымен бірге бұл марапат Елбасының бүкіл білімі саласына деген ықыласын білдіреді. Мемлекет басшысы меннен Алина сіз боласызба деп сұраған кезде мен оған мен сияқты мұғалімдер елімізде өте көп кездеседі деп жауап бердім. Расында да мұндай жоғары марапатты аламын өмірімде еш ойлаған жоқпын. Енді маған үлкен жауапкершілік жүктелді. Бұрынғыдан да жоғары деңгейде жұмыс жасап, артылған сенімді ақтауым керек.

Президенттен алған марапатымен шын жүректен құттықтаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы тарихында ұстаздардың мұндай жоғары дәрежеге жетпегенін айтты.

Ғабидолла Әбдірахымов

Шымкент қаласының әкімі

Шымкен қаласы тарихында тұңғыш рет мемлекет басшысы тарапынан оқытушыға жоғары дәрежедегі еңбек ері атағы беріліп отыр. Бұл өз кезегінде президенттің мұғалімдерге және мектепке деген құрметін, қарым-қатынасын көрсетіп отыр. Оның үстіне ұстаздарға қатысты арнайы заң қабылдауды да жақында тапсырды. Менің ойымша алдағы уақытта білім беру мен мұғалімдердің деңгейі жоғары сатыға көтеріледі. Сол себепті мен сізге үлкен рахмет айтамын. Осы дәрежеге жеткізген сіздің еңбегіңізге алғыс білдіреміз.

Пушкин атындағы №1 мектепте оқыған шәкірттер расында да Алина Соловьеваның өз саласын терең әрі жан-жақты меңгергенін, сонымен бірге ғылым жолына берілгенін айтып отыр.

Фурқат Искаков

оқушы

Мысалы биология туралы сабақ өтсе тек мектеп оқулығымен шектеліп қалмай балалалар жан-жақты білсін деп түрлі энциклопедиялардан алып бізді оқытатын. Сонымен бірге ғылыми еңбектерден де өз пәніне қатысты материалдарды алып, оқытатын.

Расында да биылғы жылы Шымкент қаласының білім саласында жұмыс жасайтындардың мемлекет тарапынан марапатталуы жағынан еліміз бойынша алдынғы қатарға шықты. Олай дейтініміз Алина Соловьева „қазақстанның еңбек ері атанса„ 3 мегаполистегі Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының директоры да мемлекет басшысының жарлығымен „Парасат„ орденімен марапатталды.

Ақерке Абылайхан

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Ұстаздарға рухани дүниесін көтері үшін, Өзінің өмірге деген құлшынысын арттыру үшін, балаларға білім беру сапасын арттыру үшін біз ұстаздарды үнемі ынталандырып отыруымыз керек. Ал бүгінгі таңда Елбасының қолынан еңбек ері сыйлығын алып отырған мұғалім көрсетілген құрмет бүкін шымкенттік ұстаздарға жасалған құрмет тәрізді. Сонымен қатар кеше мемлекет басшысының жарлығымен Парасат төсбелгісімен Шымкенттегі №65 мектептің директоры Қатира Қырғызбайқызы да марапатталды. Жалпы Республикадағы ең жоғары марапатты біздің ұстаздар ие болып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*