Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте 245 балаға Елбасының жаңа жылдық сыйлығы табыс етілді

Шымкентте 245 балаға Елбасының жаңа жылдық сыйлығы табыс етілді

Президенттің шыршасы меркесінде биыл дарынды әрі өнерлі балалардың әрқайсысына 100 мың теңгенің сертификаты ұсынылды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов балғындарды жаңа жылымен құттықтап, олардың қуанышымен бөлісіп қайтты.

Президенттің биылғы жаңа жылдық шыршасына Шымкенттегі дарынды әрі өнерлі балалар жиналды. Салтанатты кешке сәнді киініп, мерекелік көңіл күймен келген балғындарға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ыстық ықыласын білдіріп, президенттің атынан сыйлықтарды үлестірді. Биыл қала бойынша 245 бүлдіршіннің әрқайсысына 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Шырша мерекесіне келіп, сыйлық алған балақайлар әртүрлі жануарлар және ертегі кейіпіндегі адамдармен бірге билеп, көңіл төтерді.

Жансая Заттыбекова

оқушысы

Осы шыршаны құрып берген Қазақстанның Президентіне үлкен рахмет. Ол бізді көптеген қуаныштармен қуантты. Осы күнге дейін ол барлық халықтың қамын ойлап жүрді. Сонымен бірге мен барлықтарыңызға зор денсаулық және бақыт тілеймін. Шыршаға арналған тақпағым бар еді.

Ақжанар Қарамысова

оқушы

Мен аяз атаға тілек айттым. Жасы 100-ге келсін деп. Себебі ол бізге осындай шырша ұйымдастырып берді. Шыршаны мен жақсы көрем. Себебі шырша мерекесінде аяз ата біздің тілектерімізді орындайды.

Жалпы жаңа жылдық сыйлыққа ие болғандардың барлығы елімізде және шетелде өткен білім мен өнер сайыстарында топ жарған дарынды балалар. Сол себепті шырша мерекесінде осы оқушылар жиналған журтқа тағы бір рет өздерінің таланттарын танытты.

Ақерке Абылайхан

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Барлықтарыңызды келе жатқан жаңа жылмен құтықтаймын. Бүгін республика бойынша шырша мерекесін тойлап жатырмыз. Енді Шымкент бүгінгі таңда үлкен мегаполис атанды. Сондықтан бүгінгі президенттік шыршаға 245 бала қатысты. Жалпы президенттің атынан 245 баланы құтыққтадық. Бұл балалардың барлығы талантты әрі данынды. Сондықтан өнерлерін бүгін көрсетіп жатыр. Жаңа жылда жаңа жетістіктерге жете берсін.

Жылда Президент шыршасында түрлі тәттілер мен сыйлықтарды тарататын қала билігі биыл кішкентайларға ақшалай сертификатты ұсынуды жөн санапты. Себебі ата- аналар енді жаңа жыл қарсаңында сол берілген қаржыға балғындар үшін қызықты әрі бағалы заттарды сатып алып бергені дұрыс дейді жауаптылар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*