Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте адалдық алаңының кеңсесі ашылды

Шымкентте адалдық алаңының кеңсесі ашылды

Енді қоғамдық бақылау күшейтіліп, қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет одан әрі арта түспек.Салтанатты шараға арнайы іс сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қатысып,жабаның ашылу лентасын қиды.Одан соң билік өкілі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Smart Sguea атты студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Елбасы биылғы жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аударған болатын. Осыған орай Шымкентте адалдық алаңы жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады. Жобаның негізгі мақсаты- азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыра отырып, жемқорлық деңгейін төмендету болмақ. Кеңсе қызметінің басым бағыттарына мемлекеттік қызмет көрсету білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғаумен қатар сәулет және қала құрылысы, бұдан бөлек жер қатынастар сынды мәселелер қаралмақ.

Жиынға сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов аталмыш жоба қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен өзара тығыс байланысты қамтамасыз ететіндігін жеткізді.Сонымен қатар билік өкілі еліміде жемқорлық жайлаған бірнеше салалаларды да жасырмады. Мамандар адалдық алаңы жобасын халықпен бірге жүзеге асыруды көздеп отыр. Яғни кеңсенің қаншалықты тиімді жұмыс атқарып жатқанын азаматтар арасында қоғамдық пікір алмасу арқылы бақылауға алынбақ.

Бұдан соң Олжас Бектенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Smart Sguea атты студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.Бұл орталық -қызмет көрсетудің жоғары стандарттары мен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын сондай ақ қолжетімділікті қамтамасыз етпек.Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша құрылған. Студенттерге сапалы әрі жылдам қызмет көрсете отырып,оларға әлеуметтік тұрмыстық және мәдени бағыттарында қызметтер ұсыну болып табылмақ.

Бүгінде анықтама орталығында 15 шақты маман жұмыс атқарып, 200ге жуық түрлі қызметтер көрсетілуде.Ал заманауи бағыттағы орталық күндігіне 150 адам қабылдауға қауқарлы

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*