Басты » Білім » Кентау көпсалалы колледжінің студенттері халықаралық жарысқа жолдама алды

Кентау көпсалалы колледжінің студенттері халықаралық жарысқа жолдама алды

 

Кентау көпсалалы колледжінде 1058 бала 13 мамандық бойынша білім алуда. Оның 824 мемлекеттік грант негізінде білім алсва, 173 студент ақылы бөлімге оқуға түскен. Оқу ордасы негізінен орта буын жұмысшы мамандықтарын дайындауға баса назарды аударған. Мамандықтың негізгі дағдыларын терең үйрету мақсатында оқу ордасында алты шеберхана мен бес зертхана жұмыс жасайды. Оқуды аяқтап, қолдарына дипломын ұстаған жастардың дені өз мамандығы бойынша жұмысқа жайғасады дейді осындағы ұстаздар.

Оразкүл Бигисбаева

Кентау көпсалалы колледжінің директоры

Біздің колледжде 13 мамандық бар. Бітірушілеріміздің 94 пайызы жұмыспен қамтылып жатыр. Бізде барлық мамандықтарымыз бойынша сұраныс жақса. Тек дене тәрбиесі және спорт және экономика мамандықтары бойынша сұраныс түсіп жатқан жоқ. Біздің колледжді бітіріп кеткен оқушылардың артынан жұмыс берушілерден көптеген Алғыс хаттар келіп жатады.

Автакөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, электр және электромеханикалық жабдықтар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, газ және электрмен қамтамасыз ету сонымен бірге жылу техникалық жабдық, жылумен қамтамасыз ету жүйелері, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу сынды ондаған мамандықтарға аймақта сұраныс өте сұраныс жоғары екен. Сондықтан кентау көпсалалы колледжге жыл сайын осы салаларда жұмыс жасайтын білікті мамандар дайындау үшін жүздеген мемлекеттік тапсырыстар бөлінеді.

Мағжан Жақыпбек кәсіптік білім беретін оқу орнында машина жасау технологиясы мамандығы бойынша бірінші курста білім алуда. Қазір өз мамандығының алғашқы дағдысы болып саналатын слесарлық жұмыс бойынша шеберханада темірді иіп, түрлі тұрмысқа қажетті заттарды жасау үстінде. Болашақта жеке кәсіп ашамын деген жоспары бар екен.

Мағжан Жақыпбек

Кентау көпсалалы колледжінің студенті.

Мен Кентау көпсалалы колледжінің бірінші курс студентімін. Менің мамандығым- машина жасау технологиясы. Бұл мамандыққа өзім қалап түстім. Себебі әкем де ұста болған. Мен соның жанында жастайымнан бірге жүріп, осы кәсіпке қызығушылығым оянды. Болашақта өзім техникалық қызмет көрсету орталығын ашым жұмыс жасаймын.

Кәсіптік техникалық колледжде 2016 жылдан бері дуалді оқыту жүйесі қолға алыныпты. Қазір Автакөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мен электр және электромеханикалық жабдықтар мамандықтары дуалді әрі модулдік жүйе бойынша оқытылады. Мәселен дуальді оқыту бойынша балалар 40 пайыз теориялық білімді колледжден алса, қалған 60 пайыз білімді өндіріс пен зауыттарда тәжірибе түрінде меңгереді. Ал дуалді оқыту бойынша бір мамандықтың ішінде бірнеше біліктілікті яғни кәсіпті үйреніп шығады. Мысалы Автакөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығына түскен студент көліктерді жүргізіп, олардың қозғалтқыштарын жөндеуді үйреніп қоймай, техниканың сыртқы пішімін ретке келтіріп, әрлеп-сырлауды да сонымен бірге доңғалақтарды желімдеу, оларды теңестіру сынды біліктіліктерді қатар біліп шығңады.

Құдияров Мадияр

Кентау көпсалалы колледжінің студенті

Мен машинаға тех қызмет көрсету және жабдықтар жөндеу мамандығында оқимын. Біз колледжде теориялық білімдерімізді шеберханаларда тәжірибе жүзінде сынаймыз. Болашақта әрқайсысымыз өз мамандығымызбен жұмыс жасаймыз. Қазір көліктердің қозғалтқышын жөндеу мен карбюраторлары және инжекторларды тазалауды үйреніп жатырмыз.

Колледж қабырғасында Дуалді жүйе бойынша оқытылып жатқан келесі мамандық бұл -электр және электромеханикалық жабдықтар. Аталған саланы меңгеруге оқуға түскен жастардың біраз бөлігі қазір кентаудағы өндіріс орындарында тәжірибе жинақтап жатса, оқушылардың тағы бірқатары бүкіл моноқаланы қыста жылумен қамтамасыз етіп отырған орталықта болашақ кәсіптерінің қыр-сырын үйренуде.

Біздің жылу орталығында 6 қазандық бар. Дәл қазір соның үшеуі жұмыс жасап тұр. Яғни 5-8-12 қазандықтар. Сонымен бірге 6-7-11- қазандықтар резервте. Оның барлдығы ауа температурасына байланысты. Егер күн қатты суыса қазандықтардың көбі іске қосылады да, күн жылынса керісінше 2-3 қазандық қана жұмыс жасайды.

Әділбек Тұрысбек

Мен 2016 жылы кентау көпсалалы коллежін Электр-техник мамандығын бітіріп шықтым. Содан бері Кентау қаласындағы жылу орталығында электрик-слесар маманы болып жұмыс жасаудамын. Біздің өндіріс орнына Кентау көпсалалы колледжінің студенттері тәжірибе жинақтауға келіп отыр. Олар өз мамандығы бойынша мұнда электр жабдықтарымен танысып, жөндеуді меңгеруде.

Өндіріс шеберлері мен колледж ұстаздары расында да дуальді оқытудың балаларға берері көп дейді. Себебі жұмысшы мамандығын таңдаған жастар өндіріс орнындағы құрал-жабдықтар мен жұмысты күн сайын өз көзімен көріп үйренсе оқуды бітіргенде шаруаны дөңгелетіп кететін көрінеді.

Сәкен Дүйсенбиев

Кентау көпсалалы колледжі директорының орынбасары

Қалалық кәсіпорындармен келісім-шартқа отырып, аптасына үш рет кесте бойынша балаларды өндірістің базасында оқытамыз. Қазір біздің балалар „Кентау сервис МКМ-де„ келіп жатыр. Бұл жерде оқушылар үлкен кернеулі электр желілерімен жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар мен жылу қазандықтарын көріп жатыр. Мұның бәрі дуальді оқыту жүйесі аясында. Балалар өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көрмесе жақсы маман болып шықпайды.

2015 жылдан бері елімізде кәсіптік техникалық колледжд студенттерінің арасында әртүрлі мамандықтар бойынша ворлдскиллс чемпионаты өтіп келеді. Аталған біріншілік аясында аймақтағы үздіктер іріктеліп, олар республикалық сында бақ сынады. Кентау көпсалалы колледжінің студенттері биыл екі мамандық бойынша аймақтық чемпионатта жеңіске жетіп, еліміз бойынша өтетін жарысқа жолдама алған еді. Осы ретте колледж директоры аталған сайысқа оқушыларды қалай дайындайтынын айтып берді.

Оразкүл Бигисбаева

Кентау көпсалалы колледжінің директоры

Біз бұл чемпионатқа дайындалу барысында тек өзіміздің базадағы тежірибені қолданбай халықаралық жарысқа шетелдіктер қалай дайындалады соған да үңілдік. Шетелдегі кәсіптік колледждердің жасап жатқан жұмыстарын ғаламтор арқылы роликтерін балаларға көрсетіп, сол бойынша дайындалдық.

Ворлдскиллс чемпионатының республикалық дәрежедегі сайысы жақында ғана аяқталып, осы сында Кентау көпсалалы колледжінің сантехника және жылыту біліктілігі бойынша бір студенті алтын медал иесі атанды. Дамир Искандаров алдағы уақытта халықаралық чемпионатта бақ сынамақ. Сонымен бірге сылау және декоративтік жұмыстар біліктілігі бойынша Мақсат Тәліпхан арнайы аталым аясында жүлдегерлердің қатарынан табылды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*