Басты » Редакция таңдауы » «Музей белсенділері» өзара сайысқа түсті

«Музей белсенділері» өзара сайысқа түсті

Шараны ұйымдастырушылар Облыстық жас туристер станциясы. Байқау Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өтіп отыр. Музей белсенділері тарихқа шолу жасап, ұлы мұраларымызды көздің қарашығындай сақтау жолдары мен әдістерін ортаға салды.

Түркістан қаласындағы №27 мектепте өткен Музей белсенділері байқауы балаларды рухани жәдігерлерімізді қорғауға, насихаттауға баулып, тарихқа шолу жасауға мүмкіндік берді. Байқаудың мақсаты – мектеп музейінің жәдігерлер қорын көбейту, оларды қорғау , мәдени мұрамызды құрметтеу, үздік мектеп музейлерінің іс-тәжірибелерін насихаттау.

Сәуле Өмірбаева

Түркістан облыстық жас туристтер станциясының директоры

Яғни шараның атауы да ерекше. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында музей белсенділерінің байқауы өтуде. Байқау әр жеті секция бойынша, еліміз алма мен қызғалдақтың отаны , аңыз және ұлы тұлғалар, осы сияқты жеті тақырып бойынша оқушылар қатысуда.

Бұл Түркістан облыстық білім басқармасының, облыстық жас туристтер станциясының 2018 жылдағы қорытынды іс шарасы. Шарада 7 тақырып бойынша музей белсенділері өзара бақ сынады. Байқауға барлық аудан оқушылары қамтылды. Олардың жалпы саны 6 оқушы болғанымен, қатысамын деп келген өзге белсенді оқушылар бұл жолы көрермен ретінде сыныптастарын жан-жақты қолдады. Олар да болашақта осындай іс шараларда өз бақтарын сынап көруге қызығушылық танытты.

Талғат Бегасилов

әдіскер

Түркістан облыстық жас туристтер станциясының ұйымдастырып отырған іс-шарасы дер кезінде өтіп отыр деп білемін. Өйткені кең ауқымда керемет іс шара болып жатыр. Бұл кешегі Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүргізіліп жатыр. Оқушылар да керемет дайындалып келген.

Әр оқушы өзі дайындап келген тақырыбын бес минутта жан-жақты ашуы керек. Динара 9 сыныптың оқушысы. Сайысқа «аң стилі» тақырыбында қатысуда. Өткен таихымызға шолу жасау мақсатында осы тақырыпты таңдадым дейді ол. Аңның тарихымыздағы орны, қолданылуы жайлы тақырыптық зерттеу жасаған Динара, барлық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Динара Жарылқасын

оқушы

Жалпы бүгінгі сайыс туралы айтатын болсам, жарыс өз деңгейінде өтуде. Қарсыластарымның барлығы жеткілікті деңгейде дайындалған. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Жүзден жүйрік оқушыларға, олардың тірбиешілері мен ұстаздарына арнайы алғыс хаттар, сертификаттар мен сыйлықтар табысталады. Әділ қазылар да осал емес. Бәрі де тарих, ғылым, музей саласынынң майталмандары. Олар да өз кезегінде талапты жастардың музейге деген қызығушылығын дөп танып, қорғап шыққан тақырыптарын әділ бағалауға тырысты.

Тахмина

Түркістан қ. А. Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Жас ұрпаққа маңызы бар. Себебі жас ұрпақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді білу мақсатында мұндай сайыстар көп болса екен деп тілейміз.

Байқау ән мен жырсыз өткен жоқ. Өнерлі оқушылар бойындағы бар талантын көпшілікке паш етті. Шараны ұйымдастырушылар Облыстық жас туристтер станциясы. Байқау Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өтіп отыр. Шара соңында оқушылар музей саласының қыр сырына қанығып, мұраларға деген құрметі күшейіп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Нұрзина Төрехан

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*