Басты » Редакция таңдауы » Арыс қаласының халқы 2020 жылы көгілдір отынға қол жеткізбек

Арыс қаласының халқы 2020 жылы көгілдір отынға қол жеткізбек

 

Қазір аталған қалаға газ тарту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін шаһарға магистральді құбыр тартылып, келесі жылы көшелерге газ құбырлары жүргізіледі. Айта кетсек, темір жолшылар кентінде буған дейін көгілдір отын болмаған екен.

Арыс қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысы үш кезеңді қамтиды. Биыл жоспарланған жұмыстың алғашқы кезеңі яғни магистральді құбырды тарту аяқталып, осы салаға бөлінген 2,6 миллиард теңге жаңа жылға дейін игерілмек. Келесі жылы қала ішіндегі әр көшеге құбыр жүргізіледі. Оған қазынадан 929 миллион теңге қаралыпты.

Бимырза Рысқұлбеков

прораб

Биыл біз тек магистралді құбырды тартып жатырмыз. Жаңа жылдан бастап әр көшеге газ құбырын тартсақ, 2020 жылдың соңфына дейін барлық Арыс қаласының тұрғындарына көгілдір отын беріледі.

Осылайша 2020 жылы темір жолшылар тұратын қаланың халқы қыста қатты көмірді тұтынуды доғарады. Яғни 2020 жылдың соңына дейін қаланы газбен қамтамасыз ету жұмысының үшінші кезеңі аяқталса, әрбір тұрғын-үйге табиғи отын беріледі. Осы соңғы кезеңдегі жұмыстарды орындауға бюджеттен 525 миллион теңге бөлінгелі тұр. Биылғы жылы осындай ірі жобаны бастаған қаланың коммуналшылары тағы 2 саябақты жаңадан салып, екі шағын ауданға таза ауыз су жеткізіпті.

Жомарт Тұрсынбеков

Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабил жолдары бөлімінің басшысы

Қаламызда „Мәңгілік ел„ мен „Құрметті азаматтар алеясы„ биыл салынды. Сонымен бірге бірнеше көпқабатты үйге жаңғырту жұмыстары жасалынып,

Келесі жылы арыс қаласындағы тағы 5 елді-мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді деген жауаптылар, айналасы бірнеше жылдың ішінде бүкіл қалаға қарасты елді-мекендерді 95 пайыз тіршілік нәрімен қамтимыз деп жоспар жасап отыр.

Жомарт Тұрсынбеков

Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Келесі жылы Аққала, Көкжидек алді мекендерінің ауыз суы тарту жұмыстары басталады. Ақдала мен Саналы елді мекенінің жарықтандыру жұмыстары басталады.

Сонымен бірге, Арыс қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен жолаушылар көлігі және автомабил жолдары бөлімінің мамандары биылдың өзінде 56 көшені орташа жөндеуден өткізіп, тақтайдай тегіс етіп қойдық дейді. Қала ішіндегі ескірген көпқабатты үйлерді жаңғырту жұмыстары да биліктің назарынан тыс қалмапты. Мысалы мына Әбдіразақов көшесіндегі №49 үйдің тұрғындары үйіміз ескіріп, апатты жағдайдап тұр деп біраздан бері шу шығарып келе жатқан еді. Биыл жергілікті билік осындағы халықтың жанайқайына құлақ түріп, тұрғын үйдің іргетасын бетонмен бекітіп, сейсмикалық жағдайын жақсартқан. Сала мамандары бұдан былай тұрғындарға еш қауіп төнбейтінін айтады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*