Басты » Редакция таңдауы » „Нұр Отан„ партиясының қолдауымен Арыс қаласында ең алғашқы ІТ сынып ашылды

„Нұр Отан„ партиясының қолдауымен Арыс қаласында ең алғашқы ІТ сынып ашылды

Сұлтанбек Қожанов атындағы ЖОМ де пайдалануға берілген ІТ сыныпта қазір оқушылар түрлі роботтарды құрастырып, компютерде түрлі графика мен суреттерді салуды меңгеруде. Білім беру мекемесіндегілер балалардың құлтемірлерді құрастыруға деген қызығушылығы ерекше зор екенін айтады.

Арыс қаласындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы ЖОМ де осыдан бір ай бұрын қала билігі мен „Нұр Отан„ партиясының қолдауымен жаңа ІТ сынып пайдалануға берілді. Алатған сынып ең алғаш 1300 оқушысы бар осы білім ұясында ашылғандықтан бүгінде Арыстағы өзге білім ұяларының ұстаздары да қазір осы жерге келіп, ІТ кабинетте қалай жұмыс жасау керектігін меңгеруде. Ұстаздар ІТ технологияны үйренуге деген оқушылардың қызығушылығы өте жоғары екенін айтады.

Лаззат Қараев

С. Қожанов атындағы ЖОМ ІТ сыныбының меңгерушісі

Балалардың робототехникаға әуестігі өте зор. 8-9-10-11 сыныптың оқушылары сәл күрделілеу роботтарды құрастырса, төменгі сыныптардың балалары қарапайым құлтемірлерді құрастыруда

ІТ сыныбында робот құрастыру мен 3 д принтерімен жұмыс жасау және компютерде түрлі графикаларды салуды қолға алған оқушылардың арасында ІТ технологиялар бойынша түрлі байқауларда бақ сынауға дайындалып жатқан дарынды оқушылар да бар екен.

Мейрамхан Үдерханов

С. Қожанов атындағы ЖОМ директоры

Бұл жеке пән ретінде емес, қосымша пән ретінде үйретілуде. Оқушылар графика мен сурет салуды да осы ІТ кабинетте үйренуде. Кейбір балаларымыз байқауға дайындалып жатыр. Олар мұнда робот құрастыруды меңгеріп қоймай өз шығармашылығын да шыңдауда.

„Нұр Отан„ партиясының қолдауымен ашылған оңтүстіктегі ІТ сыныптарда қазір мыңдаған балалар білім алып, жаңа тиехнологияның қыр-сырына үңілуде. Робот құрастыру мен тағы басқа да пайдалы машықтармен айналысып жатқан жастар осы беттеген жолынан жаңылмаса болашақта қоғамға пайдалы құлтемірлерді ойлап табады дейді ұстаздар.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*