Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІК ШОРТ ТРЕК ШЕБЕРЛЕРІ ЖАРАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ШОРТ ТРЕК ШЕБЕРЛЕРІ ЖАРАДЫ

Екі бірдей жарыста бақ сынаған жерлестеріміз аймақ қоржынына бірнеше медаль салып берді. Оның алғашқысы Астанада өткен жастар ойындары болса, кейінгісі Қостанайда жалауын көтерген оқушылардың қысқы спартакиадасы.

     Оқушылардың қысқы спартакиадасы биыл Рудный қаласында өтті. Осымен 8-ші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 аймағынан 100-ге тарта шорт трек шеберлері қатысқан. Бұл сында біздің облыстың намысын 21 спортшы қорғап, олар 19 жүлдеге қол жеткізді. Аймақ қоржынына 8 алтын, 6 күміс, 3 және қола медаль түсті.

     Сергей ШОФЕР, шорт-тректен ОҚО-ның аға жаттықтырушысы:

     – Жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Шәкірттердің барлығы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Нұрлыбек Бейсеев деген спортшымыз жанкүйерлерді таң қалдырды. Ол барлық қашықтықта топ жарып, өз тобында абсалютті чемпион атанды. Бүгінде ол ұлттық құрамамен бірге Астанада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

     Қысқы спорт түрлері мектебінде бүгінде шәкірттер спорттың 5 түрімен шұғылданады. Олар әмбебап жекпе-жек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шорт-трек және фристайл. Осылардың арасында фристайл спортының абыройы асқақтап тұр.

     Қысқы спорт түрлерінен биылғы жарыс маусымы осымен аяқталды. Дегенмен, мектеп басшылығы келесі маусымға дейін мектептішілік бірнеше жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*