Басты » Білім » БОС ЖАТҚАН ҒИМАРАТ БАЛАБАҚША АЙНАЛМАҚ

БОС ЖАТҚАН ҒИМАРАТ БАЛАБАҚША АЙНАЛМАҚ

Бос жатқан ғимарат балабақшаға айналуда. Қазығұрт мөлтек ауданындағы кеңес дәуірінде салынып, кейіннен қараусыз қалған қос қабатты нысан мектепке дейінгі мекеме болып қайта құрылып жатыр. Шілде айында 300-ден астам бүлдіршін жаңа балабақшаның табалдырығын аттайтын болады.

     Қазығұрт мөлтек ауданындағы екі қабатты ғимарат 1987 жылы салынған. Алайда, осы уақытқа дейін мақсаты айқындалмай, бос жатқан. Қазір бұл нысанға мердігерлер қайта құру жұмыстарын жүргізіп, оны 330 орынға лайықталған балабақшаға айналдырып жатыр.

     Өткен жылы басталған қайта құру жұмыстарына жергілікті қазынадан бөлінген қаржы да қомақты. 380 млн теңгеден асады. 14 топқа арналған нысан бөлінген қаржының есебінен толықтай жиһазбен және басқа да қажетті заттармен жабдықталатын болады. Бұйыртса шілде айында бүлдіршіндер жаңа балабақшаның табалдырығын аттамақ.

Даурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*