Басты » Редакция таңдауы » ОҢТҮСТІКТЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР

ОҢТҮСТІКТЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР

10 күнге жалғасқан профилактикалық іс-шара кезінде заң бұзған мыңға жуық жасөспірім бөлімшеге жеткізілген. Араларында суық қару ұстап жүргендері де бар. Кәмілет жасына жетпей жолынан жаңылысқан балалар ата-анасымен бірге жауапкершілікке тартылуда.

     Осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері, жастар арасындағы жүгенсіздікке тұсау болар түрлі шараларды қолға алуда. Мәселен: сәуір айында „Жасөспірім„ деген атаумен өткізілген профилактикада бөлімшеге жеткізілген жастардың саны мыңнан асып жығылды. Осы орайда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жиында қылмыстардың қатары азаймай отырғаны сөз болды.

     Сонымен қатар қазіргі таңда тәртібінің нашарлығымен тіркеуге алынған жеті бала Мағжан Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта мектебінде оқиды екен. Ал, айтқанға көнбей бетімен кеткен бір оқушы Кентаудағы арнайы мектеп интернатына жіберіліпті.

     Жиын соңында сот төрағасы мектеп оқушыларына тәртіп бұзбай, қылмыстан аулақ болуға шақырды. Қылмыс жасаған әрбір азамат заң алдында жауап беретіні ескертілді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*