Басты » Білім » ҚАРУ ЖАРАҚТАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

ҚАРУ ЖАРАҚТАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Ұлы жеңіcтің 70 жылдығына арналған шараға 100-ден астам мектеп оқушылары қатысып, 20-ға жуық техника қойылды. Мектеп шәкірттері әскери эстафетада бақтарын сынап, әскери ботқадан дәм татты.

     Эстафетада бірмезетте бірнеше қатысушы бақтарын сынады. Олар жарақат алған сарбазға алғашқы көмек көрсетіп, тосыннан шабуыл жасағандардың жолын кесті. Химиялық қорғанысқа арналған киімді жылдам киіп, төнген қауіптің алдын алды.

     Дегенмен, көптің назарына ұсынылған атыс қарулары оқушылардың көңілінен шықты. Олар әрқаруға жеке тоқталып, техникалық мінездемесімен танысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, әскерге деген қызығушылығын тудырады дейді.

     Шара соңында қатысушылар әскери ботқадан дәм татып, саптық жүріспен ән салды.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*