Басты » Редакция таңдауы » СЕНІҢ ДАУСЫҢ МАҢЫЗДЫ

СЕНІҢ ДАУСЫҢ МАҢЫЗДЫ

Сенің даусың маңызды. Дәл осындай атаумен 200-ге жуық қала тұрғыны бірнеше шақырымды жүгіріп өтті. Марафонға қатысушылар арасында ең жасы 7 жаста болса, үлкені 66-да. Олар осылайша өңір тұрғындарын алдағы болатын Президент сайлауына бір ауыздан дауыс беруге шақыруда. Шарасоңы мото марафонға жалғасты.

     Шараға қатысушылар жаппай жүгіруді Бәйдібек би даңғылынан бастады. 200-ге жуық адам қатысқан марафон Қонаев гүлзарында жалғасын тапты. Марафоншылар мәре сызығын Ордабасы алаңында кесіп өтіп, шара соңы марапаттау рәсіміне жалғасты. Қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етіліп, ұйымдастырушылар алдағы Президент сайлауында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.

     Игі-шараны мото шабандоздар да қолдады. 30-ға жуық мото шабандоздар арасында әкімдік қызметкерлері мен депутаттар да бар.

      «Сеніңдаусың маңызды» атауымен өткізілген шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*