Басты » Мәдениет » БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

Бақыт деген не? Біріміз арманға жетер жол десек, өзгеміз ойдың еркіндігі дейміз. Осы тұрғыда, Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры да өз жауаптарын берді. Яғни, Дулат Исабековтың “Әпке” драмалық туындысын сахналау арқылы.

     “Әпке” қойылымы, талай жұртты өмірдің тереңіне бойлатып, дүниенің құндылығын ұқтыруға септігін тигізеді. 1 жарым – ақ сағаттың ішінде болашаққа деген үміт отын жандырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үндейді. 4 күннің ішінде 5 мыңнан астам көрермен тамашалауының да себебі осында.

     Драмалық шығарма 1977 жылы белгілі жазушы Дулат Исабековтың қаламынан туындаған. Араға 38 жыл уақыт салынған туынды, бүгінде заман талабына сай әрленіп, біршама өзгерістерге ұшыраған. Яғни, қойылым, ата-аналарынан айрылған жетімдердің тағдырын баяндайды. Олар бастарынан талай қиын-қыстау кезеңді өткізеді. Алайда, мойынсұнбайды. Асқақ армандарына жетуге тырысады. Себебі, үйдің тұңғышы, данагөй әпкелері оларға дем беріп, қанаттандырады. Қанатының астына алып, әке-анасының орнын басады.

     Өнер ұжымы бұл шығармаға 1 ай бойы тапжылмай дайындалған. Олар, кейіпкерлердің образдарын ашуда аянып қалмай, бар шеберліктерін көрсетті. Ал, тәрбиелік мәні жоғары туындыны қоржынға алудың да өзіндік себебі бар.

     Театр әртістері, жеңістің 70 жылдығына орай “Әлия” қойылым көрермендеріне тарту етпек. шығарманың тұсауы 30-шы сәуір кесілмек.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*