МҰЗ САРАЙЫ

Шымкент қаласының шырайын арттырып тұрған нысандардың бірі Мұз сарайы. Есігін 2009 ашқан кешеннің орынында бұрын спорт сарайы болған. Ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде Мұз сарайы халықтың игілігіне берілді. Құрылыс жұмыстарына мемлекет қазынасынан 404 млн теңге жұмсалған. Ауданы 9000 шаршы метрді құрайтын нысанда мұз айдыны, коньки сақтайтын орын, медпункт, спорттық залдар, киіну және жуыну бөлмелері мен бірнеше кеңсе бөлмелері орналасқан. Олардың барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен қамтамассыз етілген. Соңғы технологиялармен салынған мұзайдынында бір мезетте 100-ге жуық адам конькимен сырғанай алады. Сондай-ақ, айдында қысқы спорттың бірнеше түрлерімен айналысуға мүмкіндіктер бар.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*