Басты » Редакция таңдауы » ОҚУ ОРЫН ТҮЛЕКТЕРІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

ОҚУ ОРЫН ТҮЛЕКТЕРІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Бітіруші түлектер жұмысқа қабылданып жатыр. М.Әуезов атындағы ОҚМУ бос жұмыс орындар жәрмекесін өткізді. Онда оқу орында білім алып маман атанған жандар мен жұмысшы іздеген түрлі мекемелер жүздесуге мүмкіндік алды. Жыл сайын өткізіліп тұратын жәрмеңкенің нәтижесі де оң дейді мамандар.

     М.Әуезов атындағы ОҚМУ 86 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Өңірдегі ең ірі жоғарғы оқу орнын биыл 3100-ден астам студент бітіріпті. Оларды жұмыспен қамтуды көзедген мекеме басшылығы 180-нен астам әртүрлі мекемелерді шақырып бос жұмыс орын жәрмеңкесін өткізді.

     Өндірісте көп жылдық тәжірибесі бар «Стандарт цемент» ЖШС-де мамандар жетіспеушілігі сезіледі екен. Жыл сайын жәрмеңкелерде бос жұмыс орындарын ұсынатын мекемеде техникалық мамандар тапшы. Жас мамандар қойылған талаптарға сай қабылданып қана қоймай, олардың білімін жетілдіруге де күш салынады – дейді кәсіпорын қызметкерлері.

     Айта кетерлігі жәрмеңкеге бос жұмыс орындарын ұсына келген мекемелердің ат салысуы ұйымдастырушылар айтқанындай болмай шықты. Шараға қатысуға тиісті қалалық білім беру бөліміне қарасты білім ұяларына берілген орындар қаңырап бос тұрды.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*