Басты » Редакция таңдауы » ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЖЫМҰҚАН ТУРНИРІ БАСТАУ АЛДЫ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ҚАЖЫМҰҚАН ТУРНИРІ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкентте еркін күрестен Қажымұқан атындағы халықаралық турнир жалауын көтерді. Жасөспірімдер арасында жалғасатын жарыста 500-ден астам балуан бақ сынайды. Турнирдің негізгі мақсаты спортшылардың тәжірибесін арттырып, мемлекеттер арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған турнир осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінен ең таңдаулы деген спортшылар келген. Сондықтан бәсекелестік өте жоғары. Турнирде Оңтүстіктің атынан 70 балуан сынға түсуде. Олардың арасында бапкерлер үміт артқан спортшылар да баршылық. Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың биылғы турнирі жоғары деңгейде ұймдастырылған. Оны шет елден келген қонақтар да мойындап отыр.

     Гаврил ИГНАТЬЕВ, Якутия құрамасының жаттықтырушысы:

     – Біз Ресейдің Якутия деген аймағынан келдік. Командамыздың құрамында 16 кісі бар. Ұйымдастырушылар барлық жағдайымызды жасап жатыр. Жарыс та жоғары деңгейде жалғасуда. Бізде ел чемпионаттары дәл осылай өтеді. Бұл Қазақстанда еркін күрес спортына назардың жоғары екендігін дәлелдейді.

     Турнирде балуандар барлығы 18 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның 10-на ұлдар таласса, 8-не қыздар белдеседі. Әзірге Қазақстан мен Өзбекстан балуандары үздік нәтиже көрсетуде. Жарыс сәуірдің 29-на өз мәресіне жетеді.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*