Басты » Редакция таңдауы » ІСТЕН ШЫҚҚАН ТЕХНИКАЛАРЫМЫЗДЫҢ ШЫҒЫНЫН КІМ ӨТЕЙДІ?

ІСТЕН ШЫҚҚАН ТЕХНИКАЛАРЫМЫЗДЫҢ ШЫҒЫНЫН КІМ ӨТЕЙДІ?

Тәукехан даңғылы бойындағы тұрғындар осылай деп арнамызға арызданды. Олардың сөзінше электр қуаты бірде жоғарылап, бірде азайып кеткендігінен тұрмыстық техникалары күйіп кеткен. Елді шығынға батырған мәселені айтып, тиісті мекемеге шығымданғанымен нәтиже шығар емес дейді ашынған халық.

     Бухгалтерлер үйінің директоры Марина СТАВРОВСКАЯ кезекті жұмыс күнін күтпеген жағдаймен бастаған. Таңғы уақытта кеңсесіне кіріп келгенде бөлмедегі көкө түтінді көреді. Көп уақыт өтпей жұмыс орнындағы бірнеше компьютерлер мен кернеу реттегіштің жанып кеткендігіне көз жеткізген. Дерекқорлармен жұмыс жасайтын ол қып-қызыл шығынға баттым деп отыр.

     Марина СТАВРОВСКАЯ, жеке кәсіпкер:

     – Жағдайды көргенде өз көзіме өзім сенбедім. Таңданып тұрғанымда көршілес дәмхана иелері мен тұрғындар шауып келді. Олар болған оқиғаны сұрап, тура осы жағдайдың оларда да орын алғанын айтты. Сөйітсем ел аман, жұрт тыныштықта қапы да қалып отырған мен ғана емес екенмін. Содан әкімшілікке, ТЖД, электр тарату бөліміне, Оңтүстік жарық мекемесіне хабарластық. Бірақ, нәтиже жоқ. Ешкім алмайтын телефон нөмірлері мен факстің нөмірлерін беріп қойып отыра береді.

     Шығынға батқандардың сөзінше бұл алғаш рет емес екен. Тоқтың ойнамалылығынан халық сан мәрте электр қуатымен жұмыс жасайтын тұрмыстық техникаларынан айырылыпты. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жолғы оқиғадан шығын көлемі бірнеше миллионға артқан.

     Ал, ушыққан мәселеге қатысты «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-не қарасты Еңбекші аудандық тарату бөлімінің бас энергетигі тұшымды жауап бере алмады. Сиыр құйымшақтанған мәселенің түйіні қашан шешілері әзірге белгісіз.

     Қорыта айтқанда қарап отырып тұрмыстық техникаларынан айырылып қалған қараша халықтың шығынын өтеп беруге ешкім асығып отырған жоқ. Өйткені мұның барлығын заң аясында қараған мамандар, тек соттың шешімін күтіп отырғанын жеткізді. Айтуларынша арыз шағым 10 күннің ішінде қаралып нақты нүктесі қойылу керек.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*