Басты » Мәдениет » БҮРКІТ ПРОДЮСЕР АТАНДЫ

БҮРКІТ ПРОДЮСЕР АТАНДЫ

Белгілі әнші Бүркіт қос кеменің тізгінін ұстады. Енді ол, продюсер атанды. Өнерпаз бұл жаңалығымен Шымкентте өткізген есеп беру кешінде мәлімдеді. Шымшаһарлықтарға тұңғыш рет есеп берген олар, жаңа жобасының тұсауын кесті.

     Бүркіт пен Аиша қазақ эстрадасының ең көңілді жұбы. Олардың әніне 6 жасар баладан, 60-ты алқымдаған қартқа дейін билейді. Тіпті, барлық тойларда жұлдызды жұптардың әндері қойылып жатады. Шетінен хитке айналған. Бүркіттің көздегені де осы.

     Тек көңілді әндерді қоржынына алатын Бүркіт, енді продюсер атанды. Ол, шымкенттіктер алдында „Талас„ тобының тұсауын кесті. Жаңа дуэт, екі бірдей туындысын орындап, тұрғындардың ықыласына бөленді. Топ құрамында Бүркіттің бауыры да өнер көрсетеді.

     Концерт соңы тойға ұласты. Жиналған көпшілік сахнаға шығып, Аишамен би билеп, Бүркітпен ән айтуға мүмкіндік алды. Осылайша, тыңдармандарының армандарын орындады.

     Есеп беру кешін екі күн қатарынан өткізген жарасымды жұптың, шымкенттіктерге алғыстан басқа айтары жоқ. Себебі, өнерді жоғары бағалайтын тұрғындар, құшақ-құшақ гүлдерін сыйлап, белсенділік танытып, концертке жан бітірді.
Ендігі кезекте, Бүркіт жаңа жобасы „Талас„ тобына бейнебаян түсірді жоспарлап отыр.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*