ОҢТҮСТІКТІҢ "ТҮЙЕ БАЛУАНЫ" АНЫҚТАЛДЫ
Басты » Редакция таңдауы » ОҢТҮСТІКТІҢ “ТҮЙЕ БАЛУАНЫ” АНЫҚТАЛДЫ

ОҢТҮСТІКТІҢ “ТҮЙЕ БАЛУАНЫ” АНЫҚТАЛДЫ

Оңтүстіктің түйе балуаны анықталды. Қазақша күрестен, Оңтүстік Қазақстан газетінің жүлдесіне арналған турнирге облысымыздың ең үздік спортшылары бақ сынады. Жүлделі орыннан дәмелі кіл мықтылар күш-жігерлерін сарп етіп, бар айла тәсілдерін жүзеге асырып бақты.

     Дүбірлі додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам балуан қатысты. Білек күші бұлқынған олар, өз салмақ дәрежесінде топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінбекке тырысты. Себебі, бас жүлдеге қойылған сый құнды.

     Айтулы бәсекеде бақ сынағандардың бірі – Дәулет Қасымбекұлы. Ол қазақша күреспен бала күнінен айналысады. Осы уақыт аралығында Бразилияда өткен жарысқа қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінген. Бүгінгі жарысқа Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының намысын қорғауға келіпті.

     Жарыста білектілер 60-тан жоғары салмақ 6 категория бойынша сынға түсті. «Түйе балуан» категориясына 70 келіден жоғарылар кірді. Ешбір жаннан жеңілмей қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен балуанды «Нексия» маркалы автокөлігі күтіп тұрса, әр салмақ дәрежесінде топ жарған спортшыларға бағалы сыйлықтар дайындалыпты.

     Шапшаңдығы мен айла-тәсілдерін жүзеге асыру арқылы қарсыластарын тізе бүктіріп жеңіске жеткен алып денелі балуан Жұманазар Ерсұлтанов болды. Ол бас жүлдені еншілеп, темір тұлпардың иесі атанды. Бұл оның қазақ күресінен келген 3-ші көлігі екен.

     Ұлттық спортты дәріптейтін сайыс келесі жылы Арыс қаласында өткізілмек.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*