Басты » Редакция таңдауы » КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

Оқиға алтыншы мамыр күнгі сағат 12:30 дар шамасында орын алған. 8 шағын ауданда орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 5 қабатындағы пәтерден өрт шығып, бір адамның денесін күйік шалды.

     Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған жасақ қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жеткен. Олар үшін бесінші қабаттағы өртті сөндіру қиынға соғыпты. Дегенмен, тілсіз жау аз уақыт ішінде ауыздықталып, үй иесі қауіпсіз жерге шығарылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

     Тағы бір өрт оқиғасы жаңа талап елді мекенінде тіркелді. Түскі сағат 15:00 шамасында ВАЗ 2106 автокөлігі қазыл жалынға оранған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тез арада тілсіз жаудың бетін қайтарғанымен, көлік жарамсыз күйге түскен.

     Демалыс күндері №1 мамандандырылған жасақ қызметкерлері 5 шақыртуға шыққан. Мамандар осындай оқиғалар орын алмас үшін, қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*