Басты » Редакция таңдауы » ҮЙ ІШІНЕН ЖЫЛАН ШЫҒУ ЖИІЛЕП БАРАДЫ

ҮЙ ІШІНЕН ЖЫЛАН ШЫҒУ ЖИІЛЕП БАРАДЫ

Тұрғын үйден жылан табылды. Бауырымен жорғалаушы қаладағы Достық шағын ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп кеткен. Үй иелері жыланды өз күштерімен сыртқа шағара алмағандықтан, ОҚО ТЖД жедел құтқару жасағының көмегіне жүгінді. Осыған ұқсас оқиға Қаратөбе тас жолы бойында тіркелді. Үй ауласында жүрген жыланды арнайы мамандар құрықтады. Сонымен қатар, Чапаевка шағын ауданындағы үйлердің бірінен табылған бауырымен жорғалаушыны төтеншеліктер қолға түсірді. ОҚО ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлері жыл басынан бері осындай сегіз оқиға тіркелгенін айтуда.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*