Басты » Мәдениет » ЕРНАР АЙДАР: “3D КОНЦЕРТІН ҰСЫНУ ҚАЙРАТҚА ЕЛІКТЕУ ДЕГЕНДІ БІЛДІРМЕЙДІ”

ЕРНАР АЙДАР: “3D КОНЦЕРТІН ҰСЫНУ ҚАЙРАТҚА ЕЛІКТЕУ ДЕГЕНДІ БІЛДІРМЕЙДІ”

Әншілердің халыққа есеп беру науқаны басталды. Бұл жолы шымкенттіктерді жас әнші Ернар Айдар тәнті етті. Тыңдармандарына 3 D форматта кеш ұйымдастырған ол, жаңа әндерін орындап көпшілікті қуантты.
Ернар Айдар – 2012 жылы “Жарығым-ай” әнімен халықты елең еткізіп, тез танылған әнші. Бүгінде оның әрбір туындысы хитке айналып, тыңдармандарының қатарын арттыруда. Шымкентте өткен “Ақ бақытым” концерті де бұл жолда септігін тигізбек. себебі, кеш 3 д форматта өтті.

Концерт 4 бөлімнен құралды. қоржынындағы 80-нен астам туындының үздіктері орындалды. Яғни, жалынды 3 жаңа әннің тұсауы кесіліп, ескі әндері көпшілікке қуаныш сыйлады. ал, көрермендер, шабытын шарықтатып, әдеттегідей қолдау білдірді.
Ернар Айдарды кімде болса, Қайрат Нұртаспен салыстырып, еліктейді деп жатады. “Халық айтса қалып айтпайды”. Тіпті, жас әнші Қайраттың ізіне еріп, 3 D концертінде елге ұсынды. тыңдармандары жылы қабылдады. Ал, Ернардың айтуынша, ол Қайратқа еліктемейді. Алдағы уақытта,Ернар Айдар, жеке концертімен еліміздің өзге өңірлерін араламақ. Кейіннен, мелодрама жанрында кино түсіріп, басты рөлді өзі сомдамақ.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*