"ОРДАБАСЫНЫҢ" ОЙЫНЫ ОЙДАН ШЫҚПАДЫ
Басты » Редакция таңдауы » “ОРДАБАСЫНЫҢ” ОЙЫНЫ ОЙДАН ШЫҚПАДЫ

“ОРДАБАСЫНЫҢ” ОЙЫНЫ ОЙДАН ШЫҚПАДЫ

Қазақстан жастар құрама командасы алдағы турнирлерге дайындығын пысықтау мақсатында Шымкентте 4 күндік жаттығу жұмыстарын жүргізді. Бас бапкер Саулюс Ширмялис футболшылардың дайындығын тексерді. 12 мамыр күні «Биік спорт» кешенінде литвалық мамамнның бұрынғы командасы «Ордабасы» ұжымына қарсы жолдастық кездесуін өткізді.

     Қазақстан құрама командасы футболшылары ағаларына қарсы өте тамаша ойын көрсетіп жеңіске жетті. Бірінші гол бәсекенің 17 минутында соғылды. Жылдам ұйымдастырылған шабуылды сәтті аяқтаған Абат Айымбетов есепті ашты.

     Араға 2 минут салып Саулюс Ширмялистің шәкірттері Самат Отарбаевтың қақпасын екі рет нысанаға алды. Осы кезде Дидар Жалмұқан өзінің айқын соққысымен көзге түсті. Ал, 30 минутта «Ордабасы» шабуылынан Қазақстан жастар құрама командасының қорғаушысы күтпеген жерден өз қақпасына гол соғып алды, есеп 2:1.

     Бірінші бөлім соңында «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов өз атына кезекті голды жазып қойды. Нәтижесінде командалар 3-1 есебімен үзіліске шықты.

     Екінші таймда «Ордабасы» құрамындағы қос легионер Александр Гейнрих пен Иван Божич алаңға шықты. Бірақ Виктор Кумыков шәкірттері жеңіске деген сенімдері жоғары екенін көрсете алды. Нәтижесінде Абат Айымбетов кездесуде 3 гол соғып хет трикке қол жеткізді. Осылайша ойын 5:2 есебімен Қазақстан құрама командасың жеңісімен аяқталды.

Саулюс ШИРМЯЛИС, Қазақстан жастар құрама командасының бас бапкері:

– Жолдастық кездесуде шәкірттерім жақсы ойын көрсетіп біз жеңіске жеттік. Осы ойында футболшыларды сынап көрдім олар сенімді ақтады. Осымен Шымкенттегі дайындықтарымыз аяқталды. Құрамда Сариевті ойната алмадым. Жуков ұлттық құрама командада болғаны үшін шақыра алмадым.

     Кездесуде Еркебұлан Тұңғышбаев өзінің клубы Ордабасыға қарсы алаңға шықты. Ол кездесуде қарсыластарының қақпасына гол соғуды жоспарлағанын жасырмады. Бірақ, ойы іске аспады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*