Басты » Нағыз ерлерге арналған демалыс » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ДАЛА ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

Тілсіз жауды сөндіруге шұғыл жеткен техникалар, күш алған жалынды, басуға қауқарсыздық танытты. Сөйтіп қосымша көмек шақыртылды. Бұл кезде жер жыртатын техникалар да жұмылдырылды. Осындай оқиға желісі бойынша Маятас елді мекенінде оқу жаттығу жиыны өтті. Мақсат: оқыс оқиғалардың алдын алу. Өткені былтырдың өзінде дала өртінен келген шығын көлемі 100 мыңнан асып жығылды.

Еңбекші ауданына қарасты Маятас елді мекенінде орын алған дала өртіне ерікті өртке қарсы құрылымдардың техникалары бірінші болып жетті. Шұғыл іске кіріскен олар тілсіз жауды тізгіндей алмағандықтан, қосымша көмек шақыртылды. Жер жыртуға арналған арнайы құрылғысы бар тракторлар қызыл жалынның өзге аймаққа өтіп кетпеуі үшін жылдам әрекет етуде. Өртке қарсы қызмет мамандары оқиға орнына жеткенге дейін жасалатын іс-әрекеттер осындай.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде дала алқаптарында бірнеше жану жағдайлары тіркелді. Ондағы мақсат ерікті өртке қарсы құрылымдардың қосалқы техникалары мен жеке құрамын тексеру. Себебі аталған мекеме мемлекеттік өртке қарсы қызметпен бірлесе жұмыс атқаруы тиіс. Оқу жаттығу жиынын бақылаған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков төтеншеліктердің дайындығына жақсы деген баға берді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өткен жылы 10 орман шаруашылықтарына жоспарлы өрт техникалық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде бірнеше олқылықтар анықталып, 4 лауазымды тұлғаға 185 мың 200 теңге айыппұл салынған.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*