Басты » Редакция таңдауы » ТЕМІР БАЗАРДА БЫЛЫҚ КӨП

ТЕМІР БАЗАРДА БЫЛЫҚ КӨП

Қаладағы Громова көшесіндегі темір базар жуық арада жұмысын тоқтатуы мүмкін. Себеп ондағы жерлер мақсатсыз пайдаланылып келеді. Аталған сауда қатарларындағы бейберекетсіз әрекеттерден сол маңдағы тұрғындардан да маза кеткен. Бұл туралы арнайы рейдке шыққан қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов мәлімдеді.

     Көпшілік арасында «Громова» аталып кеткен мына көшенің басынан аяғына дейін темір сататын қатарлар орналасқан. Олардың дені жұмысын заңсыз жүргізіп келеді. Яғни, меншігіндегі жерлерді мақсатсыз пайдалануда. Кәсіпкерлердің дені жерді автотұрақ, дәмхана немесе тұрғын үй салу үшін рәсімдеп, темір базарына айналдырып жіберген.

     Шаһар ішіндегі құрылыс материалдарын сататын сауда орындарын қала сыртына шығаруды қалалық әкімдік басты ұстаным етіп отыр. Көшемін деушілерге билік арнайы орындарды ұсынуға да әзір екен.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*