Басты » Редакция таңдауы » 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖҮКТІ БОЛЫП ҚАЛҒАН

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖҮКТІ БОЛЫП ҚАЛҒАН

Сарыағаш ауданында 8-сыныптың оқушысы жүкті болып қалған. Ауданда кәмелетке толмаған мектеп оқушыларының арасында мұндай оқиға бұрында қайталанған екен. Алайда, білім ұясының басшылығы өздерінің атына кір келтірмеу мақсатында мәселені жылы жауып қойған. Бұл туралы оқиғаға куә болған ауыл тұрғындары айтып отыр.

     Сарыағаш ауданы Еңкес ауылының жұрты жағаларын ұстап отыр. Жүкті болған жас қыз, Яссауй атындағы жалпы орта мектепте оқиды. Жақсы мен жаманды білмей жатып аяғы ауырлап қалған оқушы өз-өзіне қол салмақ болып сірке суын ішкен. Бірақ, дәрігерлер дереу әрекет жасап, қыздың өміріне араша болған. Ал ауылдағы ағайын, бұл жағдайды мектеп басшылығынан көріп отыр. Айтуларынша, білім ұясында бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбейді. Салғырттықтың салдарынан осындай оқиғалар жиі тіркелетін болды дейді. Себебі бұрында осы мектепте кәмілетке толмаған бір емес үш қыздың аяғы ауырлаған. Алайда, мектептің сол кездегі директоры мәселені жылы жаба салыпты.
Жалпы мектепте қызмет жасайтын ұстаздардың арасында, бір-біріне деген бәсекелестіктің бары бұрыннан белгілі екен. Бақталастықтың кесірі келешек ұрпақтың тағдырына тиіп жатыр деп ашынады ауылдағылар. Яғни, жергілікті жұрттың сөзіне сенсек осының бәрін бұрынғы мектептің директоры мен оның жақтастары ұйымдастырып отыр екен. Ол өз ойын іске асыру үшін жергілікті телеарна арқылы, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Қошанованы кінәлі етіп көрсеткен. Ал, ол өзінің атына тағылған негізсіз айыпқа шыдай алмай қан қысымы көтеріліп ауруханадан бірақ шыққан.
Ал, өз ұстазы жайында телеарна арқылы сын айтқан оқушылардың ата-аналары, балаларының пікірімен келіспейді. Өйткені біреулер олардың солай сөйлеуін әдейі ұйымдастырған дейді.
Еңкес ауылының тұрғындары аудан басшысымен тікелей тілдесіп, мәселені шешіп беруін жоспарлаған еді. Бірақ олай болмады. Жұртпен кездесуді қаламаған әкім орнына білім бөлімінің басшысын жібере салды. Ал, мектептегі бұл былық бесенеден белгілі деген жауаптылар сиыр құйымшақтанған жағдайды жолға қоямыз деп сендірді.
Яссауий атындағы жалпы орта мектептің бұрынғы директорымен тілдесуді де жөн көрдік. Онымен жолығып сөзге тартуға тырысқанымызда тұщымды жауап беруден бас тартты.
Қазір Сарыағаш ауданындағы осы жағдайға қатысты құқық қорғау органдары анықтау жұмыстарына қызу кіріскен.

Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*