Басты » Мәдениет » 30 ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК ЕЛ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

30 ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕК ЕЛ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Балалық шаққа сапар шектірер туынды. Шымкентте Шахарбану Әлімқұлованың жеке көрмесі өтті. Бұл араға қылқалам шеберінің 30 жыл ішінде өмірге келген еңбектері қойылған.

     Көркем табиғат, бақытты отбасы, кіршіксіз махаббат. Шахарбану Әлімқұлованың шабытын шарықтатып, теңдесіз туындыларын өмірге әкелуге септігін тигізген осы тақырыптар. Майлы бояумен салынған әрбір сызбасы, көңілге ой салып, өмірге құштарлығыңды арттырады.

     Габеленмен салынған Абай бейнесі көзіңе оттай басылады. Себебі, қылқалам шебері, халықтың бас ақынын өз стиліне салып, өзгеден ерек етіп өрген. Осыдан өзге, Төле би, Шәмші Қалқаяқов, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхтар Шахановтың келбетін де келісті кескінделген. Ал, жиналған жұрт, өнер иесінің туындыларын қызыға тамашалап, жоғары баға берді.

     Көрмеде, майлы бояудан өзге, теріден жасалған туындылар мен габелендер орын тапқан. Жалпы саны 60-ты құрайды. Ал, алпыстың асқарына шыққан өнері иесі, көрермендеріне қуаныш сыйлап, еңбектерімен қуантудан шаршамақ емес. Көрмені қала халқы 1 ай бойы тамашалай алады.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*