Басты » Мәдениет » ЕҢ ҚАУІПТІ ТРЮК ШЫМКЕНТТЕ

ЕҢ ҚАУІПТІ ТРЮК ШЫМКЕНТТЕ

Цирк әлемінің ең қауіпті қойылымдары Шымкент сахнасында. Ресейден келген цирк ұжымы қала тұрғындарын таңырқатты. Олар арыстандарды билетіп, әуеде қауіпсіздік белбеуінсіз қалықтады. Тіпті, аю мен иттер бір сахнада өнер көрсетті.

     Аюларда гимнастикамен айналысады. тіпті, әуендерге бой алдырып, биде билейді. Цирктің шырайын келтірген де өнерлі қонжықтар болды. Олар, кішкентай көрермендерін ерекше қимылдарымен баурап, күлкіге бөледі. Тіпті, рекордтар кітабына енген қойылымды шымкенттіктерге ұсынды.

     Сергей ГЕРАСИМОВ, Ресей циркінің әртісі:

     – Циркте қызмет еткені 20 жыл. Мен тәжірибе жинап, аю мен итті бір сахнаға шығаруға болатынын көрсеткім келді. Жоспарымды жүзеге асырдым. Шымкенттіктер жақсы қабылдады. Ризамын.

     Тұрғындардың ыждаһаттылықпен күтіп, назарын баураған Владислав Гончаровтың өнері болды. Өнер иесі 10 арыстанды қатар билетіп, ұршықша үйірді. Жүрек жұтқан азамат, аң патшасының ақырғанынан сеспей, ырқына көндірді. Тіпті, алып аңды иғына салып көтерді. Қойылым, балғындардандан бұрын ерексек көрермендердің үрейін ұшырды.

     Владислав ГОНЧАРОВ, Ураиналық цирк әртісі:

     – Менің де қорқатын кездерім болады. Бұл менің таңдаған салам болғандықтан, жеңудемін. 10 арыстанды бір сәтте жаттықтыра салу мүмкін емес. Әр қайсысының мінез-құлқын зерттедім. Бәрін жақсы көремін. 24 сағат бойы көңіл бөлуге тырысамын.

     Әуе гимнасттары да көпті таңқалдырмай қоймайды. Олар қауіпсіздік белбеуін тақпай, биікке көтерілді. Онымен қоса, көбелектей шыр айналып, күрделі қимындарын жүзеге асырды.

     Сонымен қатар, сайықмазақтар қала тұрғындарының суретін салса, шотландық иттер қонжықтармен өнер көрсетті. 1 жарым сағаттың ішінде 80-ге жуық аң мен құс, көрермендерді тәнті етіп үлгерді.

     Қаперге салайын, Ресей циркі өз құрамына бірнеше елдің өнерпаздарын алған. Шырайлы өлке сахнасында 1 ай өнер көрсететін ұжым, келесі барар бағытын әзірге білмейді.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*