Басты » Редакция таңдауы » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨЗАРА СЫНҒА ТҮСУДЕ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨЗАРА СЫНҒА ТҮСУДЕ

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан сынға түсті. Қаламызда мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада бастау алды. Айтулы спорт бәсекесіне Шымкент қаласы әкімдігі мен аудандық құрылымдық бөлімдерден жасақталған 11 команда қатысуда. Олар бір жеті бойы бұқаралық спорттың 9 түрінен бақ сынайды. Жарыс бәсекелері қаламыздағы «Марс», «БИИК», «Жеңіл атлетика манежі» мен «Орталық су спорт кешенінің» ғимараттарында жалғасады. Спорттық шараның негізгі мақсаты өңірде бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып, сол арқылы елбасының салаутты ұлт 2020 бағдарлмасын жүзеге асыру. Сондай-ақ қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайта түсу. Спартакиада қортындысы мамырдың 31-не белгілі болады.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*