Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІК ШЕНЕУНІКТЕР ФУТБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ

ШЫМКЕНТТІК ШЕНЕУНІКТЕР ФУТБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ

Футбол матчына билік басында жүрген бірқатар азаматтар қатысты. Жасыл алаңға шыққан қос команданың бірінде қала әкімшілігі қызметкерлері өнер көрсетсе, екінші команда маслихат депутаттары мен Нұр Отан партиясы өкілдерінен құралды. Екі команда да саяси мәні бар атауды таңдапты. Халық қалаулылары «Мәңгілік ел» ал әкімдіктегілер «Нұрлы жол» командаларының атынан сынға түсті. Жасыл алаңға шыққан атқамінерлер, кәсіби футболшылардан кем түспейтіндіктерін дәлелдеді.

     Ойын өте тарысты өтті. Уақыттың көп бөлігін кабинетте өткізетін шекпенділер спорттан да кенде емес екендіктерін байқатты. Ұқыпты ойнап, қарсыластар қақпасына әдемі голдар соға білді. Нәтижесінде бірінші тайым, депутаттардың басымдығымен аяқталды.

     Екінші тайымға командалар үлкен дайындықпен шықты. Намысқа тырысқан әкімшілік қызметкерлері есепті қысқартуға тырысты. Нәтижелі шабуылдардың арқасында тіпті алға да шығып үлгерді. Дегенмен соңғы минуттарда халық қалаулары таразы басын теңестірді. Қортынды есеп 5:5. Достық жеңді.

     Елдің қамы үшін аянбай еңбек етіп жүрген билік өкілдері осылайша шахар тұрғындарын салаутты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*