Басты » Редакция таңдауы » ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІКТІ ҚАЛАЙ ТОҚТАТУ КЕРЕК?

ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІКТІ ҚАЛАЙ ТОҚТАТУ КЕРЕК?

Оңтүстікте 6 айдың ішінде 100 мыңға жуық жол ережесі бұзылған. Салдарынан соңғы кезде қала ішінде көлік апатынан көз жұмғандар жиі тіркелуде. Ал, жүгенсіз жүргізушілерге салынған айппұл 810 млн теңгеден асып жығылған. Оның 52 пайызы өндіріліпті. БАҚ өкілдерінің басын қосып брифинг өткізген Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, тәртіп сақшылары көліктерді тек қандай кезде тоқтауға құқылы екенін айтып өтті.

     Қоғамдағы тыныштықты күзету, тәртіп сақшыларының міндетіне жүктелген. Қылмыстың алдын алып, қырағылық таныту үшін қосымша аппараттар орнатылған. Әсіресе адам көп жүретін көшелер бейнебақылау камераларымен бақыланады. Нәтижесінде соңғы 5 айда 70 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталыпты. Одан бөлек, жол ережесін ескермейтіндерге 500млн теңге шамасында айыппұл салынған.

     Жолдағы ережені рөлдегілер ғана емес, жаяу жүргіншілерде бұзатын рас. Бірақ, мұның арты адам шығынымен аяқталып жататыны өкінішті. Сондықтан Нұрғали Шаймерденұлы осы бағытта қолға алынған шаралармен бөлісті. Ал, қайыршыларға қатысты фактілер бір бөлек әңгіме. Яғни, жаңа заң бойынша көшедегі тілемсектерге де айппұл салу мәселесі қаралған болатын. Бірақ, полицейлер өзгертуге байланысты күрес жұмыстары оңайға соқпай жатқанын мойындап отыр.

     Қаладағы жол қозғалысын реттеп тұратын бағдаршамдардың 98 пайызы ретке келтірілген. Дегенмен, өзге жылдармен салыстырғанда жол оқиғасы азаймайған. Себебі, шекарасы кеңейген шаһарда маман тапшы екен. Есесіне соған қарамастан қызметін асыра пайдаланған тәртіп сақшылары жақында ғана жұмыстан босатылған болатын.

     Соңғы кездері ел ішінде жол-патрульдік полициясының қызметіне байланысты дау-даумайлардың жиілегені жасырын емес. Соның бірі тәртіп сақшыларының көлікті тоқтату тәртібіне қатысты. Осыған байланысты басқарма басшысы жауап қатты.

     Өз сөзін қортындылаған Нұрғали Шаймерденұлы қоғам тыныштығын бірлесе сақтауда, жұрт болып жұмыла кірісуге шақырды.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*