Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОСПОРТТАН «SHYMKENT CUBE TRAIL» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БОЛЫП ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ВЕЛОСПОРТТАН «SHYMKENT CUBE TRAIL» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БОЛЫП ӨТТІ

Алғаш рет ұйымдастырылған додаға 50-ге тарта әуесқой велошабандоздар қатысты. Олар жолдың қиындығына қарамастан, белгіленген межені бағындырды.

     «Shymkent Cube trail» веложарысы Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылды. Соған қарамастан сайысқа қатысуға ниет білдергендер көп болды. Қаламыздан өзге Алматыдан, тіпті Өзбекстан мен Қырғызстаннан да спортшылар келді. Барлығының да мақсаты бір. Ол сыннан сүрінбей өтіп, жүлдегерлер қатарынан көріну.

     Велошабандоздардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Олардың ең кішісі 10 болса, ең үлкені 45 жаста. Қарт спортшылардың көшін Асқар Сапарғалиев бастады. Велоспортпен 3 жылдан бері шұғылданатын ол жарысқа үлкен дайындықпен келіпті.

     Асқар САПАРҒАЛИЕВ, жарысқа қатысушы:

     – Бұл менің Республикалық деңгейдегі алғашқы жарысым. Жарыс жолына 32-ші болып шығамын. Басекелестік өте жоғары. Дегенмен, үздіктер қатарынан көрінуге барымды саламын.

     Веложарысты тәжірбиелі төрешілер бақылады. Солардың бірі Мағжан Сағымбаев. Танымал велосаяхатшы 6 айда 28 мың шақырымды бағындырған.

     Мағжан САҒЫМБАЕВ жарыстың төрешісі:

     – Жарыстың деңгейі өте жоғары. Мен қанша тәжірбиелі болсам да, Үйренерім көп. Себебі мұнда спортшылар жол талғамайды. Барлығына сәттілік тілеймін.

     Жарыста ерлер мен қатар нәзік жандылар да бақ сынады. Жарыстың қортындысы бойынша бас жүлде Станислав Миночкинге бұйырды. Оған алғыс хатпен қатар 75 мың теңге қаржылай сыйақы берілді. Ұйымдастырушылар аталған жарысты жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*