Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІК АРУ АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ГИМНАСТШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ШЫМКЕНТТІК АРУ АЗИЯНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ГИМНАСТШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Көркем гимнастикадан Кореяда өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Сабина Аширбаева үш бірдей қола медальді жеңіп алды. Азияның азулы елдері қатысқан жарыста ол 4 жаттығу бойынша сынға түсіп, соның екеуінен қола медальдің иегері атанды. Тәжірбиелі гимнастшы жүлденің алғашқысын доппен, ал кейінгісін жолақшамен өнер көрсетуден жеңіп алған. Оған қоса Сабина Аширбаева командалас серіктерімен бірге топтық жаттығу бойынша да үздік үштіктің қатарына енді. Талабы таудай спортшының ендігі арманы әлем чемпионаты мен олимпиада ойындарында еліміздің абыройын асқақтату.

     Сабина АШИРБАЕВА, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

     – Мен командалық сайыста жүлдеге ілінетімізге 100 пайыз сендім. Өйткені жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Қыздардың әрқайсысы берілген тапсырманы толықтай орындап шықты. Ал, жекелей сында мен тек лайықты өнер көрсетуге тырыстым. Бағым шауып жүлдеге іліндім. Ең алдымен бапкерлеріме шексіз алғысымды білдіремін.

     Алия ЮСУПОВА, көркем гимнастикадан ҚР-ның бас жаттықытрушысы:

     – Жарысқа құрлықтың ең мықты гимнастшылары қатысты. Бәсеклестік өте жоғары болды. Соған қарамастан Сабина өзіне артылған үмітті ақтап шықты. Енді әлем чемпионатына дайындаламыз. Ол қыркүйек айында Германия елінде өтеді. Ол сынға әлемнің 60 елінен ең таңдаулы деген спортшылар қатысады. Үздік өнер көрсеткендер олимпиада жолдамасын жеңіп алады.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*