Басты » Редакция таңдауы » ҚАНДАСТАРЫМЫЗ АТА ЖҰРТҚА КЕЛДІ

ҚАНДАСТАРЫМЫЗ АТА ЖҰРТҚА КЕЛДІ

Бүгін Шымкенттік журналистер Франциядан келген «Париж Қазақ спор» футбол командасының өкілдерімен жүздесті. Жиын барысында ұлттық құндылықтар мен салт- дәстүріміз тұрғысында бірқатар мәселелер сөз болды.

     Франциядан келген қандастырымыз бұған дейін Асатана, Қарағанды қалаларында аялдаса, енді міне Шым шахарды да көзбен көріп отыр. 20 адамнан құралған делегацияның Қазақ жеріне келгендегі мақсаты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау. Франция Астанасы Парижде 1200 – ге жуық қазақ ұлтының өкілдері өмір сүреді. Ата жұрттан жырақта жүрсекте ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді бір сәт те естен шығарған емеспіз дейді олар. Кездесу барысында қонақтар Бақ өкілдерін қызықтырған сауладарға жауап беріп, тіпті ана тілімізде ән шырқап берді. Франциядан келген қандастарымыз бүгін Алматы қаласына жол тартады.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*