Басты » Редакция таңдауы » 16 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ СУҒА КЕТІП ҚАЗА БОЛДЫ

16 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМ СУҒА КЕТІП ҚАЗА БОЛДЫ

16 жас шамасындағы жасөспірім суға кетіп қаза болды. Оқиға қала іргесіндегі Бадам өзенінің жағалауында орын алды. Куәгерлердің сөзінше қаза болған бала өзенге шомылып жүріп, судың терең тұсына кетіп қалған. Оны көрген інісі құтқармақ болған. Алайда, шамасы жетпепті. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінінің мамандары мен медицина қызметкерлері келді. Суға тұншыққан балаға алғашқы медициналық қызмет көрсеткенмен жасөспірімді ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады.

Қанат БАЙСОВ

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*