Басты » Редакция таңдауы » «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСПЕК

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРЕ ТҮСПЕК

Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруға сот саласының мамандары да бел шеше кірісті. Бүгін осы мақсатта облыстық сотта семинар болып өтті. Шараға облыстық құқық қорғау органдарының басшылары мен әділқазылар қауымы қатысты.

     «Елбасының 100-нақты» қадам бағдарламасы – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Маңызды құжатта барлық салаға халықаралық тәжірбиені енгізудің жобасы нақты көрсетілген. Облыстық соттың төрағасы жиналғандарға алдымен бағдарламаның мән-мағынасын түсіндіріп, ондағы негізгі бағыттарға тоқталып өтті.

     Мемлекеттің бағдарламаның сот жүйесіне енгізетін жаңалықтары да жетерлік. Мәселен бұған дейін елімізде 5 сатылы сот жүейсі жұмыс істеп келсе, енді оны 3 сатылы сот жүйесіне көшіру мәселесі талқылануда. Бұл істердің қаралу мерізімін біршама қысқартып, сот жүейсінің дамуына жол ашады дейді судьялар қауымы.

     Бағдарламады сот саласының мамандарын даярлау мәселесі де назардан тыс қалмаған. Келешекте Сот төрелігі институтына – академия атағы берілмек. Білім ордасының құрамына магистратура, біліктілікті арттыру, ғылыми-зерттеу институттары кіреді. Нәтижесінде онда білімді де білікті судьялар даярланады. Сондай-ақ, бағдарламада сот жүейсінің ашықтығына да ерекше мән берілген.

     Өркениеттің дамуы мен қатар сот билігіне деген жауапкершілік те арта түсуде. Сондықтан сот жүйесінің дегейін көтеру мемлекеттің басты міндетерінің бірі болып отыр.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*