Басты » Мәдениет » ДОС ТҰТҚАНДЫ ҚАДІРЛЕ

ДОС ТҰТҚАНДЫ ҚАДІРЛЕ

Облыстық әзіл сықақ және сатира театры көрермендеріне ерекше тарту жасады. Өнер ұжымы мәртебелі көрермендеріне Георгий Хугаевтың «Андро мен Сандро» комедиялық шығармасын сахналады. Әзілмен әрленген шығарма, қариялар арасындағы берік достықты көрсетіп, жақсы қасиеттерге үндейді.

     Андро мен Сандро бала күнінен бірге өскен, ажырамас, жаны егіз жолдастар. Бір-бірінің қамын күйттеп, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Алайда, арзымаған нәрсеге араздасып, бүкіл ауылды бастарына көтереді. Ал, Сандроның жұбайы, Марго болса, екі өгіздің басын бір қазанға сыйдыра алмай әлек.

     Сандроның көздегені егде жасқа жеткен жалғыз басты досына қалыңдық әперу. Алайда, Андро әдеттегідей байбалаң салып, соңын ұрысқа әкеледі.

     Қойылым соңында Андро өз теңін тауып, шаңырақ көтереді. Бас кейіпкерлер ешқашан сөзге келмейміз деп уағдаласады. Өнер ұжымы, бұл шығарманы сәтті сахналау үшін осетиннің салт-дәстүрі, тілі, тарихын зерделейді. Аталмыш халықтың өкілін іздеп, пікір алмасады. Осылайша, 1 айдың ішінде дайындап шығады. Режиссердің айтуынша, қойылымның халыққа берер тәрбилеік мәні бар.

     Көрермендердер, қойылымды тамашалап ерекше әсер алып бір серпіліп қайтты. Театр ұжымы «Андро мен Сандро» қойылымысн сахналап, 7-ші маусымын аяқтап, еңбек демалысына кетті.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*