Басты » Редакция таңдауы » ОРТАЛЫҚ СУ СПОРТ КЕШЕНІ ЖЕКЕНІҢ ҚОЛЫНА ӨТУІ МҮМКІН

ОРТАЛЫҚ СУ СПОРТ КЕШЕНІ ЖЕКЕНІҢ ҚОЛЫНА ӨТУІ МҮМКІН

Орталық су спорт кешені жекенің қолына өтуі мүмкін. Бұл туралы кешен директоры өткізген баспасөз жиынында айтылды.

     Орталық су спорт кешені халықаралық стандартқа сай жабдықталған бірден-бір нысан. 2012 жылы іске қосылған кешенде 635 адам су спортымен тұрақты түрде шұғылданса, соның 114-ін кәсіби спортшылар құрайды. Ал, орталыққа келушілердің саны жылына 8 мың адамға жуықтаған. Сондай-ақ, олардың жаттығу жұмыстары кестеге сай жүргізіледі.

     Директордың сөзіне сенсек, Су спорт кешені жыл өткен сайын шығыстардың көлемін азайтып, мемлекет қазынасын үнемдеуге үлес қосып келеді. Оның есесіне билет құны біршама қымбаттаған. Мұны оралық басшылығы комуналдық төлемдердің шарықтауымен байланыстырып отыр.

     Ел қазынасын үнемдеу мақсатында Республикадағы бірқатар спорт кешендерін жекешелендіру жайында шешім қабылданған болатын. Ол тізімде Орталық су спорт кешені де бар. Халықтың игілі үшін қызмет етіп отырған нысанның жекенің қолына өтіп кетпеу үшін барымызды салып жатырмыз дейді мекеме басшысы.

     Халқы миллионды алқымдаған Шымкент шахарына бір ғана су спорт кешенінің аздық ететіндігі белгілі. Осыған орай келешекте орталықтың ауданын арттыру да жоспарда бар.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*